Қалыңдық көйлегі, ақ көйлек

Қалыңдық марқұм анасының шашынан 6 миллион теңгеге көйлек тіктірмек

980
(Жаңартылды 18:38 25.10.2018)
Әйел 2014 жылы анасының қауіпті ауруға шалдыққанын білгелі бері оның шашын жинап келгенін айтты

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Кез келген қалыңдық той күні өзінің ерекше жан екенін сезініп, жанында туысқандары мен жақын достарының болғанын қалайды. Алайда отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болса ше? Марқұм осы ерекше күннің бір бөлігіне айналу үшін не істеуге болады? Кейбір адамдар марқұм жақсы көрген әнді орындайды, тілек айтқан кезде есімін ауызға алады немесе бір кездері оған тиесілі болған киімді киеді. Бірақ бұл әйел бұдан да тереңірек барған екен, деп хабарлайды Mirror.

Қалыңдық марқұм анасының шашынан көйлек тігіп кимек. Бристоль тұрғыны веб-сайтында киім туралы хабарландыру қалдырған. Оның жанына әйел тігілетін көйлектің сызбасын қосып қойған.

"Менің анам 1953 жылы тұрмысқа шыққан. Ол киген көйлекті қайта тігіп бере алатын адам іздеймін. Анам жуырда қайтыс болғандықтан, оның рухына арнап бір нәрсе жасағым келеді. Көйлек таптырмас естелік деп ойлаймын", — деді әйел.

Әрі қарай ол 2014 жылдан бері анасының шашын қалай жинап келгенін түсіндірді.

Тағы да оқыңыз:

"2014 жылы анамның денсаулығы сыр бере бастағанын біліп, сол уақыттан бері шашын жинап келдім. Ол кезде шашы қажетіме жарайды деп еш ойлаған емеспін. Бұл шашты көйлек тіктіргенде пайдаланатын боламын. Одан жең, жаға тігіп, көйлектің төменгі бөлігін безендірмекпін", — деді қалыңдық.

Мұнымен қатар, қалыңдық бұл тапсырысын орындайтын адамға 15 мың еуро (бұл шамамен 6 220 650 теңге) төлейтінін айтты. Ол көйлек 2019 жылдың тамыз айына дейін дайын болады деген үмітте. Себебі, анасы қайтыс болған күні үстіне осы көйлекті кимек.

980
Кілт сөздер:
марқұм, уақыт, еуро, ана өлімі, қалыңдық
Тақырып бойынша
Күйеу де, ақша да жоқ. Қалыңдық тұрмысқа шығамын деп барынан айырылды
Қалыңдық үйлену тойы күні күйеу жігіттің қабіріне келді
Тойға шақырылған қонақтардан ақша талап еткен қалыңдық күйеусіз қалды
Қалыңдық тойда билеп жүріп аяғын сындырып алды
Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді
Күйеу жігіттің қолынан ажал құшқан қалыңдық туралы фильм түсірілді
Қалыңдық берген өтінішті күйеу жігіт растауды ұмытып кетіп, екі жас некеге тұра алмады
Украинадағы ұшақ апаты

Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді

358
(Жаңартылды 11:00 28.09.2020)
Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған жалғыз курсант Вячеслав Золочевскийдің әкесі де авиация саласында жұмыс істейді, ол да үш рет ажалдан аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсанттың беті бері қарап келеді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Курсанттың әкесі де авиация саласында қызмет етеді. Айтуынша, ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы  

Әуе апаты Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласы маңында 25 қыркүйек күні кешке болды. Ан-26 әскери-көлік ұшағы оқу ұшуын орындаған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Украинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

358
Кілт сөздер:
курсант, ұшақ апаты, Украина
Армениядағы медициналық мекеме алдында тұрған жедел жәрдем көліктері

Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді

137
(Жаңартылды 10:46 28.09.2020)
Армениядағы медициналық мекемелерде реанимациялық шаралар ғана жүргізіліп, тек шұғыл көмекке мұқтаж науқастар қабылдануда

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Таулы Қарабақта жаңа әскери қақтығыстың алғашқы күні аяқталды. Тараптар шығындарды есептей бастады.

Әзербайжан Армения әскери күштерінен қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 550-ден астам адамға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ, 22 танк пен бронды машиналардан, 15 "Оса" әуе қорғаныс жүйесінен, 18 дрон мен 8 артиллериялық құрылғылардан айырылғанын жария етті. Бұл туралы Sputnik Әзербайжан елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының қорғаныс армиясы 1978-2001 жылы туылған 16 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Армениядағы медициналық мекемелерде науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Армения республиканың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ақпарат көзінің дерегінше, ауруханаларда реанимациялық шаралар немесе шұғыл көмекке мұқтаж науқастарды ғана қабылдау жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштерінің 33 танк пен жаяу әскердің соғыс машиналарын, 27 дронын, 4 тікұшағын және 200-ге жуық адамын жоғалтқанын хабарлады.

137
Кілт сөздер:
Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
"Біз үшін соңғы соғыс болуы мүмкін": Назарбаев қорқынышты болжам жасады
Ауғанстандағы шиеленіс: талибтерге қарсы соғыс жарияланды
"Соғыс бейнесі"– ардагерлердің суретін жүктеуге болатын онлайн-мұрағат
Сауда орталығы

Қазақстанда қазан айынан бастап темекі сатудың тәртібі өзгереді

0
Еnergyprom мониторингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жыл ішінде 10 процентке өскен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. 1 қазаннан бастап Қазақстанда темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары күшіне енеді. Яғни, бұл өнім енді міндетті таңбалануға жатады.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, темекі өнімдерінің кез-келген айналымы қажетті деректерді оқитын және оны фискальды мәліметтер операторларына беруге мүмкіндік беретін 2D сканерді қолдану арқылы қолжетімді болмақ. Мұндай міндетті таңбалауды енгізу нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеді және халықты контрафактілік өнімдерден – арзан, бірақ қауіпті контрафактілік өнімдерден сақтайды.

Оқи отырыңыз: Пойызда темекі шегуге тыйым салынады: тәртіп бұзушы қалай жазаланады?

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қазанынан бастап фильтрлі темекі өнімдерінің барлығы, ал 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап – сигаралар мен сигариллалар, қыздырылған темекі сияқты өнімдердің өзге де түрлері міндетті таңбалауға жатады.

Еnergyprom мониторингтік агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда темекі өнімдерінің өндірісі бір жыл ішінде 10 процентке өскен.

Қыркүйек айының басында бөлшек сауда орындарында бір қорап темекінің құны 489 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ке қымбат.

"Темекі қорабы Ақтөбе (534 теңге) мен Нұр-Сұлтан (521 теңге) және Тараз (506 теңге) тұрғындары үшін қымбатқа түседі. Ең арзан баға Петропавл (468 теңге) мен Қызылорда (471 теңге) және Павлодар (474 ​​теңге) қалаларында болып тұр", – деп хабарлайды агенттік.

Қазақстанда қанша адам темекі шегеді

Статистика комитетінің сауалнамасына сәйкес, қазір елімізде адамдардың 21,9% темекі тартса, 78,1% темекі шекпейді. Сондай-ақ, Қазақстанда тәулігіне 14,1 миллион дана темекі өнімдері шегілетін көрінеді.

0
Кілт сөздер:
сауда, темекі
Тақырып бойынша
Қай жерде темекі шегуге болмайды – мамандар жаңа заң талабын түсіндірді
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
21 жасқа толмаған қазақстандықтарға темекі сатып алуға тыйым салынады 
Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды
Сауда министрлігі темекі сату тәртібін түсіндірді