сұлулық байқауы, иллюстрация

Сұлулық байқауының жеңімпазы сахнада есінен танып құлады

843
(Жаңартылды 11:49 28.10.2018)
Желіде сұлулық байқауында жеңіске жеткен арудың есінен танып құлаған сәті түсірілген видео жарияланды

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Miss Grand International байқауының жеңімпазы парагвайлық ару Клара Соса жеңіске жеткенін естіген кезде есінен танып құлады, деп жазады ABS-CBN News.

Оқиғаның видеосы YouTube-та пайда болды. Сахнада екі қыз қолдарынан ұстап, байқау жеңімпазы есімінің жариялануын күтіп тұрады. Өзінің жеңгенін естіген кезде парагвайлық ару Клара Соса қатты қобалжығандықтан болар, сахнада есінен танып құлайды.

Біраздан кейін жеңімпаз есін жинап, әрі қарай марапаттау рәсіміне қатысады.

Miss Grand International — жыл сайын өтетін халықаралық сұлулық байқауы. Биыл байқау Мьянмада ұйымдастырылды. 

843
Кілт сөздер:
сахна, ару, сұлулық байқауы
Тақырып бойынша
Ұлының өлімінен кейін 60 жастағы әйел сұлулық байқауында жеңіп шықты
15 жастағы қазақ қызы "Мәскеу аруы" байқауының финалисі атанды
Астаналық 4 қыз "Кеңсе аруы-2018" халықаралық байқауының жартылай финалына өтті
"Қазақстан аруы" байқауының айшықты суреттері
Батысқазақстандық Нұргүл Асанова "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазы атанды
Армениядағы медициналық мекеме алдында тұрған жедел жәрдем көліктері

Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді

113
(Жаңартылды 10:46 28.09.2020)
Армениядағы медициналық мекемелерде реанимациялық шаралар ғана жүргізіліп, тек шұғыл көмекке мұқтаж науқастар қабылдануда

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Таулы Қарабақта жаңа әскери қақтығыстың алғашқы күні аяқталды. Тараптар шығындарды есептей бастады.

Әзербайжан Армения әскери күштерінен қаза тапқандар мен жараланғандардың саны 550-ден астам адамға жеткенін мәлімдеді. Сондай-ақ, 22 танк пен бронды машиналардан, 15 "Оса" әуе қорғаныс жүйесінен, 18 дрон мен 8 артиллериялық құрылғылардан айырылғанын жария етті. Бұл туралы Sputnik Әзербайжан елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының қорғаныс армиясы 1978-2001 жылы туылған 16 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады.

Сонымен қатар, Армениядағы медициналық мекемелерде науқастарды жоспарлы қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Армения республиканың денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Ақпарат көзінің дерегінше, ауруханаларда реанимациялық шаралар немесе шұғыл көмекке мұқтаж науқастарды ғана қабылдау жүзеге асырылады.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери күштерінің 33 танк пен жаяу әскердің соғыс машиналарын, 27 дронын, 4 тікұшағын және 200-ге жуық адамын жоғалтқанын хабарлады.

113
Кілт сөздер:
Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
"Біз үшін соңғы соғыс болуы мүмкін": Назарбаев қорқынышты болжам жасады
Ауғанстандағы шиеленіс: талибтерге қарсы соғыс жарияланды
"Соғыс бейнесі"– ардагерлердің суретін жүктеуге болатын онлайн-мұрағат
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

2962
(Жаңартылды 15:33 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

2962
Кілт сөздер:
қақтығыс
бауырластар зираты

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгердің сүйегі елге қайтарылады брифинг

0
Сарбаз Киевті қорғау кезіндегі шайқаста хабарсыз кеткен. Іздеу тобы оның сүйегін 2020 жылдың наурыз айында Украинадан тапты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек  —  Sputnik. 28 қыркүйекте сағат 10.30-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегін елге жеткізуге қатысты онлайн-брифинг өтеді.

Қайыржан Тікшекеев Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кетті деп саналған. 2020 жылдың наурыз айында оның сүйегін "Вертикаль" іздеу отряды Украина аумағынан тапқан. Жақын арада сарбаздың сүйегі туған жеріне жеткізіліп, туыстарына тапсырылады.

Спикерлер:

  • Мұрат Молдағалиев - "Atamnyn Amanaty" қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы;
  • Марат Тікшекеев - қаза болған жауынгер Тікшекеев Қайыржанның немересі.

Онлайн брифинг Sputnik Қазақстан сайтында және YouTube каналында тікелей эфирде көрсетіледі.

БАҚ өкілдерін онлайн-брифингті көруге шақырамыз, спикерлерге қойылатын сауалдарды +7 (747) 2207401 (WhatsApp) нөміріне жіберуге болады.

0