Әлем

Қанішер мейіргер: ұзақ жыл ауруханада істеген адам 100 науқасты өлтіргенін мойындады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуНауқас
Науқас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу материалы бойынша, қанішер мейіргердің қолынан 200-ге тарта адам ажал құшуы мүмкін

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Германияда бұрынғы мейіргер жүз науқасты өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды The Guardian. Ол сот отырысының алғашқы күні қылмысын мойындаған.

Тағылған айыптаулар рас па деген сұраққа Нильс Хегель иә деп жауап берді. "Айтқанымның бәрі шын", — дейді ол.

Пышақ, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Көршілері мен достары үлгі етіп келген ер адам қанішер болып шықты

Судья Себастьян Бюерман айтқандай, отырыстың басты мақсаты — қылмыскердің қанша адамды өлтіргенін анықтау. "Шындықты білу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", — деді ол.

Айыптауға сүйенсек, 2000-2005 жылдары ер адам Ольденбург қаласының ауруханасында 36 науқасты өлтіріпті, ал көрші Дельменхорстте – 64. Барлығы 130 адамның мәйіті қазылып, тексерілді. Тергеу материалдары бойынша, ол жансақтау бөліміндегі науқастарға адам өміріне қауіпті дозада екпе салып, "басшылығына адамдарды қалай тірілтуге болатынын және зерікпеудің амалын көрсеткісі келген".

Алғаш рет мейіргер 2008 жылы қастандық жасағаны үшін сотталыпты. Ол кезде жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 2015 жылы бес және одан да көп тұлғаны өлтіргені үшін 15 жылға сотталды. Хегель психиатрға 30 кісіні өлтіргенін айтқан кезде, тергеу жалғасын тапқан.

Жалпы құрбандардың саны екі жүзге жететін көрінеді, алайда мұны нақтылау мүмкін емес, өйткені мәйіттердің көпшілігі кремацияланған.

Жаңалықтар
0