Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга

Моңғолия президенті аштық жариялауға дайын

881
(Жаңартылды 20:31 31.10.2018)
29 қазанда Баттулга парламентке мерзімінен бұрын өзін-өзі тарату жөнінде хат жолдады

АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга егер Ұлы халық хуралы (парламент) өзін тарату туралы шешім қабылдамаса, аштық жариялайтынын, не қозғалыссыз ереуіл жасайтынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Bloomberg моңғол телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. 

Баттулга парламентті экономикалық дағдарыстарға төтеп бере алмай келеді деп сынға алған. Моңғолия президенті Халықаралық валюта қорынан көмек сұраған, бірақ үкімет ешқандай қолдау көрсетпеді, деп жазды centralasian.org.  

Bloomberg мұны Баттулганың 2020 жылы өтуі тиіс парламент сайлауы алдындағы саяси жүрісі деп есептейді. Ол басқаратын Демократиялық партия парламенттен көп орын алуды көздейді. Қазір халық хуралында 25 пайыз мандатқа ие. Қалған мандат Моңғолия халықтық партиясының қолында. Жергілікті сарапшылар президент өзінің әкімшілігі үшін де көп құзырет алғысы келеді дейді.

29 қазанда Баттулга парламентке мерзімінен бұрын өзін тарату жөнінде хат жолдаған. Хатта парламент 2016 жылғы сайлау кезіндегі уәдесін орындамады, заңды бұзды делінген.

 
881
Кілт сөздер:
аштық, президент, Парламент, Моңғолия
Тақырып бойынша
Алматы қаржы полициясы бұрынғы басшысының ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады
Биыл Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылады
Загрузка...