Әлем

Тыр жалаңаш қыз футбол алаңына жүгіріп шығып, ойынды тоқтатты – видео

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФутбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңілген команданың футболшысы бұл оқиға жымиюға жалғыз себеп болғанын мәлімдеді

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Футболдан Нидерланды чемпионаты аясындағы ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан жалаңаш қыздың кесірінен матч тоқтатылды, деп жазды "Р-Спорт".

Оқыс оқиға сенбі күні "Райнсбургсе Бойз" — "Амстердам" (2:6) матчында болған.  

AD басылымы хабарлағандай, алаңға жүгіріп шыққан қызды тоқтатуға ешкім әрекет жасамаған.

Жеңілген команданың футболшысы Джоэл Тиллема Omroep West Sport-қа берген сұхбатында бұл оқиға жымиюға жалғыз себеп болғанын мәлімдеді.

"Бірақ мен өзімді ұстауға тырыстым – мүмкін әйелім көріп отырған шығар", — деді ол.

Видеодан тыныштықты бұзған қыздың стадионнан өз еркімен кетіп қалғанын көруге болады. 


Жаңалықтар
0