Әлем

Жас жігіт байқаусызда қолын арамен кесіп тастады

CC0 / powertools / Білдек пен қол
Білдек пен қол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам әріптестерінің жылдамдығының арқасында аман қалып, қолын қайта қалпына келтірді

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Үндістанның Керала штатында ер адам байқаусызда араға қолын кесіп алды, деп хабарлайды Metro басылымы. 

Ара - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы тұрғыны мысықтардың басын кесіп, видеоүндеу жариялады

Ағаш кесетін жерде жұмыс істейтін 22 жастағы жігіт көрші фермадан қашып кеткен бұқаға бола қолынан айырылды. Бұқа бөлмеге кіріп келгенде ер адам қашамын деп құлап түседі. Осының салдарынан оның қолын қосылып тұрған білдек кесіп кетеді.

Жәбірленушіні әріптестерінің жылдамдығы құтқарып қалды. Олар аққан қанды тоқтатып, оны ауруханаға жеткізген. Мұнымен қатар, кесілген қолын да мұз салынған пакетке орап ала барған.

Қолды орнына тігу үшін 12 сағатқа созылған екі ота қажет болды. Бірінші ота кезінде қан жүретін тамырлардың арасы мен сүйекті қосқан. Араға үш күн салып екінші ота кезінде жүйке талшықтары мен бұлшық ет біріктірілді.

Осыдан кейін қол қызметі 90%-ке қайта қалпына келген. Дәрігерлер ер адам толықтай қалыпқа келу үшін екі-үш ай физиотерапия қажет болатынын айтады.

 

 

Жаңалықтар
0