Пышақ ұстаған адам, архивтегі фото

Қытай "спецназы" банкте кепілге алынған қызды қулықпен босатты видео

788
(Жаңартылды 10:12 13.11.2018)
Арнайы операция кадрларын "Синьхуа" ақпарат агенттігі YouTube арнасында жариялады

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Қытайда пышақ ұстаған қаскүнем жергілікті банктердің бірінің филиалын тонамақ болып, 19 жастағы қызды кепілге алды.

Оқиға өткен аптада Хэнань провинциясындағы Лохэ қаласында болды.

Дереу оқиға орнына келген арнайы жасақ қызметкерлері кепілге алынған қызды құқық қорғау органдарының біріне алмасу туралы келісімге келеді. Полицей қылмыскердің көз алдында әріптесінің қолы мен аяғын байлайды, ал ол секіріп, тонаушыға барады. "Спецназ" оған жақындай бергенде, бос байланған қолын шешіп, қаруланған ер адамға ойламаған жерден тап береді.

Полиция қызметкері жеңіл-желпі жарақат алғаны хабарланды. 

 


788
Кілт сөздер:
кепіл, тонаушылық, банк, Қытай
Тақырып бойынша
Көкшетауда екі адам "Қазпошта" бөлімшесін тонап, миллион теңге алған
Қостанайда дүкенді тонаған қарақшылар видеоға түсіп қалды
Алматыда "Альфа банкті" тонаған екі күдікті ұсталды
Загрузка...