Автобуста отырған қарт әйел

"Бір ай бойы тамақ ішпеген кездер болды". Әйел ұлының комадан шыққанын 12 жыл күткен

155
(Жаңартылды 13:33 09.11.2018)
Ер адам 2006 жылы жол апатына түсіп, сал болып қалған

АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Қытайда 75 жастағы әйел комада жатқан ұлының оянғанын 12 жыл бойы күткен. 

Ван Шубао 2006 жылы елдің шығысындағы Шаньдун провинциясы Шоугуан қаласында жол апатына түседі. Сал болып қалған 36 жастағы ер адам комаға түседі. Сол кезде оның 63 жастағы анасы Вэй Минъин емге жұмсалатын шығынды өз мойнына алады. Бар-жиған тергенін дәрігерлерге беріп, жылдар бойы күн-түн демей, комда жатқан ұлының қасында болған, деп хабарлайды The Mirror. 

Ақшасы таусылғанда, 120 мың юань (шамамен 6,5 миллион теңге) қарыз алған. Тіпті, ақшаның жоқтығынан бір ай бойы тамақ ішпеген кездері болыпты. Тек сумен ғана күнелткен. Сол аралықта 20 келі салмақ тастап, әбден арықтап кеткен. Қазір 75 жастағы әйелдің салмағы небәрі 30 келі ғана. 

Десе де қарт ана қиындыққа мойымайды, таңғы бесте ұйқыдан тұрып, ұлын жуындырады, тамағын береді, массаж жасайды. 

Жуырда Ван көзін ашып, анасына қарап күлімсіреді. Әйелдің айтуынша, ұлы барлығын түсінеді, тек өздігінен қозғалып, сөйлей алмайды. Қарт ана күндердің бір күнінде ұлы толығымен сауығып кетеді деген үмітте.

155
Кілт сөздер:
емделу, жол апаты, ер адам, кома, қарт, Қытай
Тақырып бойынша
Астанада науқас медбикені соққыға жығып, қабырғасы мен жағын сындырды
Әуесқойлық бокста Головкинді соққан боксшы жекпе-жектен кейін комаға түсті
Астанада белгісіз біреу науқас қыздың еміне жиналған ақшаны ұрлап кетті – видео
Комаға түскен қазақстандық Қытайдан Астанаға жеткізілді
Ақтөбеде медбике емханаға келген науқас әйелге қол көтерген
Ресейде қазақстандық әйел комаға түсті - СІМ оның туыстарын іздеп жатыр
ОҚО-да оқушы қыз көкөніс консервілерін жеймін деп комаға түсіп қалған
Загрузка...