Мектеп оқушысы

Тоғыз жасар қыз мектепке пижамамен баруға мәжбүр

210
Мектеп оқушысы өткен жылы сирек кездесетін ауруға шалдыққан

АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Ұлыбританияда мектеп формасына аллергиясы бар 9 жасар қыз сабаққа пижамамен баруға мәжбүр. 

Ноттингем графтығы, Киворт ауылында тұратын Лили Мейсон сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Қыздың иммунды жүйесі тым сезімтал болып, түрлі тітіркендіргіштерге шектен тыс реакция береді. 

Өткен жылдың қазанында 9 жасар Лилиде мектеп формасына аллергия басталған. Оның бүкіл денесі бөртіп кеткен. Мұны көрген анасы Джой қызын мектепке жұмсақ матадан тігілген панда түріндегі пижамамен жібереді. Пижама қыздың денесін тітіркендірмейтін жалғыз ғана киім екен. Бөртпеден бөлек, Лилиде анафилаксиялық шок та болуы мүмкін, сондықтан оқушының басқа таңдауы болмаған, деп хабарлайды The Mirror.

"Матаның кейбір түрлері қызымның денесін тітіркендіреді, бірақ жағдайы лезде өзгеріп тұратыны соншалық, барлық аллергеннің алдын алу мүмкін емес. Бір күні барлығы жақсы болса, екінші күні керісінше", — деп түсіндірді қыздың анасы. 

Ауруы асқынған кезде Лили үстіне тек ипжама киіп, арнайы тігілген көрпешелерде отырып, ауырсынуды басатын дәрі ішуге мәжбүр. Оған тек тағамның тоғыз түрін ғана жеуге болатын көрінеді. 

Дәрігерлер оқушы қызға диагнозды былтыр қойған. Анасының айтуынша, терапевтердің көбі бұл ауру жайлы тіпті естімепті. 

"Лилиде кез келген нәрсеге аллергия пайда болуы мүмкін екенін анықтадық. Денесі бөртіп, анафилаксия болуы мүмкін, мұрны қанайды, бойын әлсіздік билейді, былайша айтқанда, өзін ешқашанда жақсы сезінбейді", — дейді әйел.

210
Кілт сөздер:
мектеп оқушысы, сирек кездесетін ауру, мектеп формасы, оқушы қыз, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
"Инопланетянин" деп мазақтайды: сирек кездесетін дертке шалдыққан жігіттің мұңы
Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды
Павлодар облысында мектеп өртенді: 217 оқушы сабақта отырған
Екібастұзда екі оқушы түнде бесінші қабаттан құлады, біреуі көз жұмған
Түркістанда ит таластырған мектеп мұғалімі адам өлтірді деген күдікке ілінді
Аянышты халге түскен кішкентай қыз удай мас анасын тұрғызбақ болды – видео
Студент қыз құймақ жеуден өткен жарыста көз жұмды
Загрузка...