Әлем

Автобустың ішінде отырған 42 адам тірідей жанып кетті

© Photo : УЧС КокшетауАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тағы 20 адам ауруханаға жатқызылды. Әзірге олардың жағдайы қалай екені белгісіз

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Зимбабведе өртенген автобус ішінде кем дегенде 42 адам тірідей жанып кетті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Булавайо қаласынан елдің оңтүстігінде орналасқан Байтбридж қаласына бара жатқан автобус 15 қараша күні түнде жанып кетті. Әзірге өртке не себеп болғаны белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, бактан бензин төгіліп, өрт шыққан болуы мүмкін.

Чувашияда жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысып, 12 адам өлді - Sputnik Қазақстан
Жүк көлігі шағын автобуспен соқтығысып, 12 адам өлді – видео

42 адамның көз жұмғаны расталды. Тағы 20 адам ауруханаға жатқызылды, әзірге олардың жағдайына қатысты ақпарат жоқ. Өртенген автобустың суретін жергілікті БАҚ жариялады.

Бір апта бұрын, 8 қараша күні, Зимбабведе автобус апатқа ұшырап, 50-ден астам адам көз жұмды. Ол кезде жол бойында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі автобус соқтығысып қалған еді. Марқұмдар арасында жасөспірімдер де бар.

Зимбабведе жол мен көлік құрылғылары қатты ескірген, сондықтан жол-көлік оқиғасы жиі болады. Бұдан өзге көлік компаниялары арасында бәсеке жоғары болғандықтан, жүргізушілер барынша жылдам жүруге тырысады.

Жаңалықтар
0