Өрт, архив сурет

Отқа оранған үйдің 3-қабатынан әйел сәбиін лақтырды: сол кезде таңғажайып оқиға болған

5448
Терезеден лақтырылған сәбиді ер адам тосып алды

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Даллас қаласындағы үй отқа оранып, адамдар ғимарат ішінде қалып қойды, деп хабарлайды The Independent.

Алайда көрші үйдің тұрғыны Байрон Кэмпбелл өртті байқап қалып, бірден көмекке ұмтылған. Ол үшінші қабаттың терезесінен құшағында сәбиі бар әйелді көреді.

"Балаңды лақтыр дедім. Ол басында кібіртіктеп қалды, мен сәбиді тосып аламын деп уәде бердім. Ақыры ол сенді. Бұл адамның миына қонбайтын қауіпті әрекет еді. Бұрын-соңды мұндай жайтқа тап болмаппын", — дейді ер адам.

Абырой болғанда, Байрон баланы құтқарды, ал ересектерді өзге тұрғындар матрас жайып, тосып алған. Ол кезде көмекке құтқарушылар мен өрт сөндірушілер де келіп жетіпті.

Өрт салдарынан қырықтай адам баспанасынан айырылды. Ең бастысы, бүкіл тұрғын тілсіз жаудан құтқарылып, тірі қалған. Екеуі ғана аздап күйік алыпты.

5448
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, видео, құтқару, бала, өрт, АҚШ
Тақырып бойынша
АҚШ-тағы алапат өрт: 300 мың адам үйін тастап қашуға мәжбүр болды - видео
Отқа оранған ғимаратта Құран кітабын өрт шарпымаған - видео
"Жұмақ" деп аталатын қала түгі қалмай өртеніп кетті – қорқынышты видео
Көршілеріне қоңырау шалған: ШҚО-да әйел үйінде тірідей өртеніп кетті
Тоғыз жасар бала өртеніп жатқан үйден анасы мен екі қарындасын алып шықты
Загрузка...