Әлем

Оқушының апат орнында қалдырған хаты миллиондаған адамның жүрегін елжіретті

© Sputnik / Табылды КадырбековОқушының архивтегі фотосы
Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Студент оқушы қыздың хатының арқасында автокөлігін соғып кеткен адамды іздеп тапты

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Оқушы қыз жол-көлік оқиғасы болған жерге қалдырып кеткен хаттың мазмұны миллиондаған адамның жүрегін елжіретті.

АҚШ-тың Буффало қаласында тұратын Эндрю Сипович автокөлігін үйінің жанынадағы тұраққа қалдырады. 21 жастағы студент қайтып келгенде көлігін біреу соғып, жапырып кеткенін көрген. Бұл туралы ол твиттерде жазды, деп хабарлады L!FE.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үйінен қашып кеткен қыз Astra bus картасының көмегімен табылды

Бірақ жігіт көп кешікпей хат тауып алады, онда болған жайттың бәрі баяндалыпты. Тіпті сурет арқылы түсіндірген. Бұл оқиғаның танымал болғаны соншалық, ол жайлы көптеген шетелдік БАҚ жазды.  

Эндрю хатты алтыншы сынып оқушысы жазғанын, өкінішке қарай, аты-жөнін көрсетпегенін айтты. Дегенмен ол қыздың арқасында "Форд Мустанг" көлігін кім соғып кеткенін анықтады.

Хабарламада қыз не болғанын толық баяндаған екен. Ол жол-көлік оқиғасына 449 нөмірлі мектеп автобусы кінәлі екенін айтқан.  

Жігіттің желідегі жазбасы жылдам таралып, Twitter-де 1,2 миллион лайк жинады. Хатты көрген мұғалімдердің бірі оны кім жазғанын білетінін айтқан. Енді Эндрю мектеп оқушысына алғыс айтуға бармақшы.  


Жаңалықтар
0