Әлем

АҚШ-тың Калифорния штатында тарихта болмаған жойқын өрт ауыздықталды

© AP Photo / Ringo H.W. ChiuӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
17 күнге созылып, 85 адамның өмірін қиған тілсіз жаумен мыңнан астам өрт сөндіруші күресіп жатыр

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Калифорния штатының тарихындағы ең жойқын тілсіз жау деп бағаланған Camp атты орман өрті толығымен ауыздықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Өрт - Sputnik Қазақстан
Видео
"Жұмақ" деп аталатын қала түгі қалмай өртеніп кетті – қорқынышты видео

Өрт аумағы 62 мың гектар орман массивтері мен елді мекендерді шарпыды. 8 қарашада Калифорнияның солтүстігінде басталған Camp орман өрті салдарынан 85 адам қаза тауып, 14 мың тұрғын үй, 528 коммерциялық және 4 мыңнан астам басқа да ғимараттар жойылды. Штаттан 300 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Тілсіз жаумен күресуге мыңнан астам өрт сөндіруші және 73 өрт көлігі қатысып жатыр. Camp салдарынан келген шығынның жалпы сомасы шамамен 7,5-10 миллиард доллар деп бағаланған.

Өрт салдарынан зардап шеккендер қатарында – реалити-шоу жұлдызы Ким Кардашьян мен күйеуі, рэпер Канье Уэст, актер Джерард Батлер, канадалық музыкант Нил Янг және америкалық әнші Майли Сайрус. Олардың бәрі өрт салдарынан баспанасынан айырылды.

Табиғи апат болған аймаққа АҚШ президенті Дональд Трамп барып, жергілікті билікпен және тұрғындармен кездесті. Штат мәселені шешпесе, Калифорния табиғи өртті сөндіруге жұмсалатын федералды қаржыландырудан айырылады деп ескертіп кетті.

Жаңалықтар
0