Медбике

Махаббат дерті: дәрігерлер сүйіктісі тастап кеткен әйелге өлтіретін дәрі екті

3372
(Жаңартылды 18:51 27.11.2018)
Әйел адамның дені сау болған, тек сүйіктісімен айырылысып күйзеліске ұшыраған

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Бельгия 38 жастағы әйелге эвтаназия жасаған үш дәрігерді соттап жатыр. Медициналық қызметкерлер ауру емес, бірақ ғашықтық дертіне шалдыққан әйелге өлтіретін дәрі еккен.

Бельгияның Синт-Никлас қаласының тұрғынына "аутизм" деген диагноз қойып, эвтаназия процедурасын жүргізген, деп хабарлайды Daily Mail.

Сот алдына үш дәрігер келді. Оларға кісіні өлтіретін процедураны жүргізгенде құқықтық ережелерді дұрыс орындамады деген айып тағылған.

Тина Нис соңғы рет психологиялық аурудан көз жұмғанға дейін 15 жыл бұрын емделіпті. Сұхбат кезінде оның әпкелері Лотте мен Софи айтқандай, ол сол кездегі науқасынан баяғыда айыққан, тек сүйіктісімен айырылысқан соң көңілі құлазып жүріпті.

Әйел адамға 2010 жылы сәуір айында өлтіретін дәрі егілді. Одан екі ай бұрын 38 жастағы әйелге "аутизм" диагнозы қойылыпты.

Нистің отбасы заңның бұзылғанын алға тартады, өйткені Тинаны ешқашан аутизмнен емдемеген әрі дерті де асқынып, жазылмайтындай күйге жетпеген. Сондықтан оның бәрі эвтаназия жасауға негіз бола алмайды. Нистің туыстары хабарлағандай, ол сүйіктісімен айырылысып кеткен соң, жаны күйзеліп, сондықтан эвтаназия жасатқызбақ болыпты.

3372
Кілт сөздер:
сот ісі, әйел адам, дәрігерлер
Тақырып бойынша
Қазақстанда химиялық піштіру қалай жүргізіледі?
Загрузка...