Әйел жерге қарап отыр

Дәрігерге қаралған әйел өзінің ер адам екенін білді

3997
(Жаңартылды 21:24 30.11.2018)
Әйел бір жылдан бері бала сүйе алмай жүргенін айтып дәрігерге қаралған

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Қытайда дәрігерге қаралған әйел өзінің биологиялық жынысының ер екенін білді. Бұл туралы порталы жазды. 

Жағдай Хунань провинциясында болды. 26 жастағы қытайлық әйел бір жыл бұрын тұрмысқа шықса да, сәби сүйе алмай жүргенін айтады. Гинеколог маман оны тексеріп, жынысына байланысты толықтай әйел дей алмайтынын жеткізеді.

Әйел андрогендерді сезіне алмау синдромына шалдыққан болуы мүмкін. Яғни сырт келбеті нәзік, омырауы мен қынабы бар. Бірақ жатыры мен аналық жыныс безі жоқ. Ағзасында Y-хромосомасы кездесетіндіктен, бұл әйел биологиялық жынысы бойынша ер адам.

Мұндай адамдар өздерін әйел ретінде де, ер адам ретінде де таныстыра алады. БҰҰ адам құқықтары бойынша жоғары комиссар басқармасының анықтауынша, интержыныс дегеніміз қалыптан тыс жыныс мүшесінің немесе хромосоманың болуын білдіреді. БҰҰ есебі бойынша, жер бетінде жыл сайын 1,7% сәби осындай ерекшелікпен дүниеге келеді.

3997
Кілт сөздер:
жүктілік, жыныс мүшесі, ер адам, әйел, дәрігер, БҰҰ, Қытай
Тақырып бойынша
Қазақ жігіт тікелей эфирде жынысын ауыстырғысы келетінін айтып жылады - видео
Петропавлда ер адам жынысын ауыстырды
Жыныс мүшесіне қызық үшін сым тығып көрген жасөспірім масқара болды
Сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйел бостандыққа шықты
Денсаулық сақтау басқармасы жыныс мүшесі кесілген ер адамның суретіне қатысты пікір білдірді
Үндістан тұрғыны жындарды қуу үшін ұлының жыныс мүшесін шауып тастаған
Бедеулік пен белсіздік қазақтың қасіретіне айналып барады
Загрузка...