Әйел

Үш баланың анасы төсін үлкейткен, бірақ соңы жақсылықпен аяқталмады

1058
(Жаңартылды 12:23 30.11.2018)
36 жастағы әйел дене бітімін жақсарту үшін кеудесіне ота жасатқан

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Косметолог Луиза Харви дене бітімін әдемірек ету үшін ота жасатып, төсін үлкейткізген. Алайда операциядан кейін 17 күн өткен соң үш баланың анасы қайтыс болды – ол өкпедегі қантамырды бітеп тастаған ұйыған қанға тұншығып қалған, деп хабарлайды Daily Mail.

36 жастағы Луиза Харви өз дене бітіміне көңілі толмай, Лондондағы емханалардың бірінде төсін үлкейтпек болады. Әуелі операция сәтті шыққандай көрінген – әйелді бірнеше күнде ауруханадан шығарыпты. 

Алайда көп ұзамай Луиза демікпеге шалдығып, тағы да дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Әйелді шұғыл арада ауруханаға жатқызғанымен, өміріне араша түсу мүмкін болмады – пластикалық отадан кейін 17 күн өткен соң ол өкпедегі қантамырдың бітеліп қалуынан көз жұмды.

Сарапшылар анықтағандай, операция кезінде дәрігерлер қанның ұйып қалғанын байқамапты. Кейінірек ұйыған қан ағзада қозғалып, өкпеге қан тасымалдайтын тамырды бітеп тастаған. Енді мамандар әйелдің қазасының себебін нақтылауы тиіс – дәрігердің қателігі ме, әлде жазатайым оқиға ма?

Луиза Харвидің соңында он сегіз, он бір және алты жастағы үш баласы қалды. Ана өлімі үшін жауапкершілікті кім мойынына алатыны әлі белгісіз.

1058
Кілт сөздер:
пластикалық ота, қаза, әйел, дәрігерлер
Тақырып бойынша
Төсін жалаңаштаған әйел президенттің кортежіне тап берді
Астаналық "қарт балаға" пластикалық ота жасалды
"Темір көрініп тұр". Алматыда ота жасатқан әйел өз көзіне өзі сенбеді
Астаналық дәрігерлер босанып жатқан әйелдің жүрегіне ота жасады
Қателескен дәрігер науқасты алдап екі рет ота жасаған
Дәрігер ота жасағаннан кейін науқасты зорлап тастады
Загрузка...