ұшақ

Ұшақ қозғалтқышының қаптамасы жолаушылардың көз алдында шашылып қалды видео

765
(Жаңартылды 11:53 04.12.2018)
Ұшақтың ішінде 171 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған

АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Airbus-320 ұшағы қозғалтқышының қаптамасы көкке ұшқаннан кейін сынып, шашыла бастаған. 

Бұл жағдайды жолаушылардың бірі видеоға түсіріп алады. Ұшақ Frontier Airlines әуе компаниясына тиесілі. Ұшақта 171 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған, ешкім зардап шеккен жоқ. 

USA Today хабарлауынша, оқиға 30 қарашада болған. Жолаушылар ұшағы Лас-Вегастың Мак-Карран әуежайынан ұшып шығады, ол Тампаға қонуы тиіс еді. Аспанға көтерілгеннен кейін біршама уақыттан соң бірнеше жолаушы қозғалтқыштың қаптамасы шашылып жатқанын көріп қалып, бортсеріктерге хабарлайды.

Олар өз кезегінде ұшақтың капитанына жеткізген. Осыдан кейін апатқа ұшырамас үшін дереу әуежайға қайту шешімі қабылданады. 

765
Кілт сөздер:
видео, жолаушы, ұшақ
Тақырып бойынша
Әуежайдан ұшқалы жатқан ұшақ кісі қағып өлтірді – видео
Ұшақ қонар кезде селфи жасамақ болған екі қыз ажал құшты
Жолаушылар мінген ұшақ мұхитқа құлады
Суданда екі әскери ұшақ соқтығысты - видео
Ресейде ұшақ құлады – оқиға орнынан видео
Ресейде 164 жолаушы мінген ұшақ жана бастады – видео
Стамбул әуежайында екі ұшақ соқтығысты – видео
АҚШ-та тұрғын үйге ұшақ құлады
Загрузка...