Медициналық қызметкер, архивтегі фото

Байлап, зорлаған: 90 адамды айуандықпен өлтірген мейіргер болып шықты

1492
72 жастағы Сэмуэл Литтл АҚШ-тың 24 штатында жарты ғасыр бойы ондаған қылмыс жасаса да жазаланбаған

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-та бұрынғы мейіргер (медбрат) 90 адамды өлтірді деген күдікке ілінді.

Сэмуэл Литтл жантүршігерлік қылмыстарды 50 жыл бұрын жасай бастаған. 2014 жылы кісі өлтіргені үшін алғаш рет сотталады. Алайда жаңа тергеу жұмыстары барысында қылмыскер шын мәнінде бірнеше ондаған адамды өлтіргенін мойындаған.

Тергеушілердің айтуынша, 72 жастағы Сэмуэл Литтл АҚШ-тың 24 штатында жарты ғасыр бойы ондаған қылмыс жасаса да жазаланбаған, деп жазды life.ru. 

Бұрынғы мейіргер тонау, ұрлық және есірткі саудасы үшін бас-аяғы 10 жыл түрмеде отырып үлгерген. Құқық қорғаушылар одан кем дегенде 90 адамды өлтірді деп күдіктеніп отыр. 

Соңғы рет Литтл 2014 жылы сотталды. 1980 жылдардың соңында үш әйелді өлтіргені үшін оған үш өмірлік жаза берілді. Жаңа істі тергеу барысында күдікті өзінің барлық қылмысын ашуға шешім қабылдады.  

Литтлдан жауап алу кезінде 30-дан астам қанды оқиғаның мән-жайы белгілі болды. 

Литтл алғаш рет әйелге 1976 жылы шабуыл жасаған. Ол нашақорды ұрып-соғып, байлап, зорлаған. Дегенмен қылмыскер ауыр жазадан құтылып кетеді. 

"Қылмыстардың кейбірін өзінен басқа ешкім білмеуі мүмкін. Егер біз оларды Литтл жасағанын дәлелдейтін болсақ, онда ол әлемдегі ең қанішер сериялық кісі өлтірушінің бірі ретінде тарихқа енеді", — деді Эктор округінің (Техас)    прокуроры Билли Блэд.  

 


1492
Кілт сөздер:
мейіргер, зорлау, АҚШ
Тақырып бойынша
Қанішер мейіргер: ұзақ жыл ауруханада істеген адам 100 науқасты өлтіргенін мойындады
Қылмыстық іс: медбике ата-анасы тастап кеткен сәбиді ұрып-соқты
Загрузка...