Қыз

Әпкесінің қайғысына қуанған қалыңдықтан анасы мен жігіті теріс айналды

1599
(Жаңартылды 20:36 06.12.2018)
Ұйымдастырушыға күйеу жігіт қоңырау шалып, үйлену тойы мүлдем болмайтынын айтқан

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Әпкесінің түсік тастағанына қуанған қалыңдықтан күйеу жігіт пен отбасы теріс айналды. Бұл туралы The Mirror басылымы жазды. 

Оқиғаны үйлену тойын ұйымдастырушы журналистерге жасырын әңгімелеп берді. Оның айтуынша, қыздың әпкесі үш жыл бойы бала көтере алмай жүрген. Дегенмен үйлену тойына алты ай қалғанда жүкті болғанын біледі, қалыңдық әпкесінің жағдайы тойдың шырқын бұзады деп ойлап, дереу оны құрбыларымен бірге қонақтар тізімінен сызып тастайды.  

Бірнеше айдан кейін ұйымдастырушы қалыңдықпен және оның анасымен тағы кездеседі. Олардың әңгімесін телефон қоңырауы үзіп жібереді. Анасы кешірім сұрап, шығып кетеді, ол ұзақ уақыт сөйлесіп, жылап қайтып келеді. Сөйтсе әйелге қалыңдықтың әпкесі қоңырау шалып, түсік тастағанын айтыпты. Ұйымдастырушы клиентін жұбатуға аяқ астынан сөз таппай қиналады.

Ұзақ үнсіздікті қалыңдық бөліп жібереді: "О, жақсы болды. Енді ол менің тойыма келе алады деп ойлаймын". 

Осы сөзден кейін анасы ұйымдастырушыға қатқыл үнмен "сенің көмегің қажет емес, тойға ақы төлемеймін" дейді. Қалыңдық абыржи бастайды, қанша жалынса да анасының шешімін өзгерте алмайды. 

Ұйымдастырушының айтуынша, бір күннен кейін оған күйеу жігіт телефон соғып, үйлену тойы мүлдем болмайтынын мәлімдеген.

 

1599
Кілт сөздер:
түсік, үйлену тойы, қалыңдық
Тақырып бойынша
Қалыңдық марқұм анасының шашынан 6 миллион теңгеге көйлек тіктірмек
Күйеу де, ақша да жоқ. Қалыңдық тұрмысқа шығамын деп барынан айырылды
Қалыңдық үйлену тойы күні күйеу жігіттің қабіріне келді
Загрузка...