Әлем

Туысы бетінен сүйген соң жаңа туған сәби шетінеп кетті

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа туған шақалаққа герпес вирусы жұққан

АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ұлыбританияда жас жұбайлар Киара есімді жаңа туған қыздарын туыстарының бірі сүйген соң шетінеп кеткенін хабарлады. Metro жазуынша, сәби герпес вирусын жұқтырған.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада ВИЧ жұқтырған әйелдер дүниеге дені сау сәби әкелді

Уэст-Йоркшир графтығының тұрғыны Келли Айнесон жүктілігі барысында біраз қиындық туындағанын айтады. УЗИ-ге түскен кезде, баланың Даун синдромына шалдығу ықтималдығы бес пайыз деп көрсетіпті. Бірақ соған қарамастан жас әйел нәрестені өмірге әкелуге бел байлайды. Бүкіл отбасы шақалақты асыға күтеді.

Айнесон шұғыл кесар тілігі арқылы қызын босанған. Дәрігерлер біраз уақыт баланы жансақтау бөліміне жатқызып, екі күннен соң ауруханадан шығарады.

Алайда араға бірнеше күн салып Киара салмақ жоғалта бастаған соң, анасы мен сәбиі қайта ауруханаға түскен. Балаға герпес жұққан деген диагноз қойылды, салдарынан қаны бұзыла бастапты. Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, туыстарының бірі сүйген кезде балаға вирус жұғып кетсе керек.

Киара жасанды комаға жіберіліп, екі аптадан соң аппаратты өшіруге тура келді – сәбидің өміріне араша түсу мүмкін емес болатын.

"Баламды біреудің сүйгені өлтіреді деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті, басқа ата-аналардың осындай қайғыға душар болғанын қаламаймын", — дейді Айненсон. 

Герпес вирусына қарсы күрес қауымдастығының басшысы Мариан Николсон герпес жұқтыру қаупіне байланысты адамдарды біреудің баласын сүймеуге шақырады. Өйткені бұл жұқпа тоғыз айға толмаған сәбилер үшін аса қауіпті.

Жаңалықтар
0