Әлем

Страсбургте теракт жасаған лаңкесті атып өлтірді

© REUTERS / Christian HartmannСтрасбургте атыс болған жер
Страсбургте атыс болған жер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Страсбургтегі теракт үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" мойнына алды

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Францияның Страсбург қаласында рождество жәрмеңкесінде үш адамды атып өлтіріп, оннан астам адамды жаралаған террористі полиция атып өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Лаңкестің көзі жойылғанын Францияның ішкі істер министрі Кристоф Кастанер растады.

Теракт жасаған — 29 жастағы Страсбург тумасы Шериф Шекат. Ол бұрын Франция мен Германияда қарулы тонаушылық ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

Қазақстанда, Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" террорлық тобының ақпараттық ресурстарынан белгілі болғандай, Шериф Шевкат олардың қатарында болған.

Лаңкес сейсенбі 11 желтоқсанда кешкісін Страсбургтегі рождество жәрмеңкесінде атыс шығарды. Үш адам құрбан болып, 12-сі жарақат алған. Ал қылмыскердің өзі такси көлігін айдап әкетіп, полициядан екі тәулік бойы қашып жүрді.

Жаңалықтар
0