Күріш, архивтегі сурет

Діни рәсім кезінде 11 адам күріш жеп, көз жұмды

866
(Жаңартылды 15:16 17.12.2018)
Полицияның ақпаратынша, ғибадатхананың маңынан өлген иттер мен қарғалар да табылған

АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Үндістандағы ғибадатханада қызанақ қосылған күріш жеген он бір адам көз жұмды, 90-нан астамы ауруханаға түскен.

Үндістанның Карнатака провинциясында ғибадатханаға келген он бір адам қаза болды. Олардың барлығы қызанақ қосылған күріш жеген. Көз жұмғандардың арасында екі бала да бар. Бұған қоса, астан уланған 90 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Reuters.

Полицияның ақпаратынша, ғибадат маңынан өлген иттер мен қарғалар да табылған. Жауап алу үшін әзірге екі адам ұсталды.  

Үндістанның бұқаралық ақпарат құралдары жаппай улануға жергілікті шаруалардың пестицидтерді қолдануы себеп болуы мүмкін деп топшылап отыр. Алайда полиция бұл гипотезаны растаған жоқ, сараптама нәтижесін күту керек екенін мәлімдеді. 

2013 жылы Үндістанның Бихар штатында жаппай улану кезінде 23 оқушы көз жұмған болатын. Бұл іс сол күйі ашылған жоқ, алайда полиция балалардың өліміне пестицидтерге арналған контейнерде сақталған сұйық май себеп болуы мүмкін деп санайды.

866
Кілт сөздер:
ғибадатхана, жаппай улану, қызанақ, күріш, Үндістан
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда бес бала мен бір ересек адам газбен уланды
Атыраулық жұмысшылар асханада жаппай уланды
Екі жасар қыз "колбасадан" көз жұмды: тергеу қорытындысы шықты
Алматыда жекеменшік емханада екпе салғаннан кейін әйел көз жұмды
Дәрі ішіп арықтамақ болған 18 жастағы бойжеткен көз жұмды
Алматыда әйел басына мұз түсіп көз жұмды — видео
Хэллоуин кешінде каскадер көз жұмды: қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Студент қыз құймақ жеуден өткен жарыста көз жұмды
Өткізу бекеті

Қазақстан Ресеймен шекарада неге шектеу енгізді?

6
(Жаңартылды 10:30 05.08.2020)
Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды

АЛМАТЫ, 5 тамыз– Sputnik. Қазақстан Челябі облысында құс тұмауы ошағының анықталуына байланысты Ресеймен шекараға шектеулер енгізді.

"Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябі облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжа, сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдай облыстардың ветеринарлық қызметінің ерекше бақылауына алынды.

Айта кетейік, 2020 жылдың 3-4 тамызында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Құс өлекселерінен алынған барлық сынамаларда H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Құстың барлық түрлі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Соған байланысты құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

H5N8 адамдар үшін төмен патогенді деп саналғанымен, ғалымдардың пікірінше, ол тез өзгеріске ұшырап, тұмаудың басқа түрімен ауырған жағдайда өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

 

6
Кілт сөздер:
құс, тұмау, Ресей, Қазақстан
Шекара, архивтегі сурет

ҰҚК шекарада болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

1375
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақстандық өткізу бекетіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Самара облысында Қазақстанмен шекарада шетелдіктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Шекара карантинге байланысты жабық болатын. 

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде Росгвардия қызметкерлері мен еліне орала алмай жүрген мигранттар арасында жанжал болғанын жазды. 

"Ресей-Қазақстан шекарасында мигранттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс видеосы желіде тарады. Ол Росгвардия қызметкерлерінің көмегінсіз тез арада тоқтатылды", - деп хабарлады "КП-Самара".

Басылым толқу тоқтатылып, палаталық лагерьде тыныштық орнағанын жазған.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Біздің өткізу бекеттерімізде жағдай тұрақты", - деді Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз қызметі. 

Орынбор және Самара облыстарында Қазақстан мен Ресей шекарасында 3 мыңға жуық Қырғызстан және 500-ге жуық Өзбекстан азаматы қалып қойған болатын. Олар Қазақстан арқылы еліне жіберіле бастады.

1375
Кілт сөздер:
мигранттар, түсініктеме, ҰҚК, шекара
Тақырып бойынша
ҰҚК шекарада ұсталған адам туралы ақпарат жариялады
Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді – сенат заң қабылдады
Шетелге түскен студенттің елден шығу тәртібі қандай – шекара қызметі түсіндірді
Шекарада сүйіктісін чемоданға салып өтпек болған ер адам ұсталды
Шекара қашан ашылады – ҰҚК жауап берді