Ақша

Гонконгта миллионер кедейлер үшін аспаннан ақша жаудырды

346
Жас жігіт қайырымдылығы үшін абақтыға қамалуы мүмкін

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Гонконг полициясы қаланың ең кедей ауданына ақша шашқан бизнесмен Вонг Чинг Китті ұстады. 

Желіде тараған видеода 24 жастағы жігіттің Lamborghini көлігімен үйлердің біріне келіп тоқтағаны көрінеді. Осыдан кейін ол көлігінен шығып, көшедегі адамдардан "аспаннан ақша жауатынына сенесіздер ме?" деп сұраған. Кейін оның артындағы үйдің төбесінен шынымен ақша "жауа бастаған", деп жазады life.ru.

Полиция ер адамды қоғамды тәртіпті бұзды деп айыптап отыр. Енді ол ірі көлемде айыппұл төлеп, бір жыл түрмеде отыруы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, сол күні көшеге 100 миллион Гонконг долларына жуық ($12,79 млн) ақша шашылған. 

Бірақ полицияның есебінше, аспаннан жауған ақша сомасы – 6 мың Гонконг долларына жуық ($767).

346
Кілт сөздер:
кедей, бизнесмендер, миллионер, ақша, Гонконг
Тақырып бойынша
Сенат депутаты: кімнің қолында ақша бар, сотта сол жеңеді
Kaspi bank клиенттердің шотынан ақша неліктен "жоғалғанын" түсіндірді
Конькиге ақша жинап жүрген чемпион қыздың оқиғасы ешкім күтпеген жалғасын тапты
Мәйіті сөмкеден табылған 5 жасар қыздың әкесіне ақша ұсынды
Бай әйел ұлдарына қыруар ақша, қыздарына ыдыс-аяқ мұраға қалдырған
Коронавирус, вакцина

Ресейде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салынды

62
Вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ресейде коронавирустың вакцинасын сынауға қатысқан еріктілердің жағдайы жақсы, деп хабарлады РИА Новости әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді. 18 маусымда екі компонентті вакцинаның біреуі салынған еріктілердің бірінші тобында ешкім денсаулығына шағым жасаған жоқ. Елеулі жағымсыз құбылыстар да тіркелген жоқ.

Ал 23 маусымда вакцинаның бірінші бөлігі егілгенжәне содан 21 күн өткен соң қорытындысына қарай вакцинаның екіншісі компоненті салынатын екінші топтың құрамындағыларда өзін жақсы сезінеді. Асқыну мен жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды. Оны шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

62
Мәскеу қаласы

Батыс Нюрнберг трибуналының қорытындысын қайта қарауға әрекет жасауда - Ресей

34
Бастрыкин Нюрнберг трибуналы барлық әскери қылмыскерді соттамағанын атап өтті. Оның айтуынша, олардың кейбірі жасырын қалған. Сондықтан, кінәлілердің барлығын анықтау керек

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Батыстағы ресми тұлғалар фашизмді жеңуде тек АҚШ пен Британияның үлесін ғана сөз етіп, Нюрнберг трибуналының қорытындысын қайта қарастыруға әрекет жасап жатыр. Бұл жөнінде РИА Новостиге берген сұхбатында РФ тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеді.

"Тарихты мүлде басқаша мәліметтермен сипаттауға тырысып жатқан әрекеттерді байқап отырмыз. Мысалы, Батыс елдерінің ресми тұлғалары Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысында АҚШ пен Ұлыбритания үлесін ғана сөз етуде. Осылайша, олар КСРО-ның фашизмді жеңудегі негізгі рөлін жоққа шығарып, Нюрнберг трибуналының қорытындысын қайта қарауға тырысып жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, Бастрыкин Нюрнберг трибуналы барлық әскери қылмыскерді соттамағанын атап өтті. Оның айтуынша, олардың кейбірі жасырын қалған. Сондықтан, кінәлілердің барлығын анықтау керек.

"Біздің алдымызда бірнеше міндет тұр. Нюрнбергтегі халықаралық әскери трибунал және соғыстан кейінгі басқа да процесс қорытындысы бойынша барлық қылмыскер сотталмаған, өкінішке қарай, жантүршігерлік түрлі қылмысты жасаған көптеген нацист әділ соттан қашып құтылған", - дейді Бастрыкин.

Ол барлық кінәлі адамды анықтауды жалғастыру қажеттігін айтты.

"Тірі-өлі екеніне қарамастан, біз олардың аты-жөндерін атап, қандай қылмыс жасағанын ашық көрсету керекпіз", - дейді ол.

Қолда бар мұрағат мәліметтеріне сәйкес, РКФСР аумағында оккупация жылдарында 2 миллионнан астам бейбіт тұрғын қасақана өлтірілген. Барлық факті тексерілген жоқ, барлық жауапты адам анықталып, сотқа берілген жоқ. Іздеу жасақтарының қазба жұмыстары және мұрағаттық құпия мәліметтерді жария етудің нәтижсінде Новгород облысы, Краснодар өлкесі, Ростов облысындағы бейбіт халықты жаппай қырумен байланысты қайғылы оқиғалардың беті ашылды. Өткен жылы тергеу комитеті 30 мыңнан астам кеңес үкіметі азаматының көзін жоюға қатысты бірқатар қылмыстық іс қозғаған болатын.
Тергеу комитетінің басшысы соғыс жылдарында қылмыс жасағандар қай заң бойынша жауап беруі тиіс екенін айтты.

"Ресейлік тергеу амалдары ұлттық заңнама мен халықаралық құқыққа негізделеді", - деді Бастрыкин.

Ол комитет нацизм қылмыстары фактілерін анықтауды жалғастыра беретінін айтты.

"Тергеу комитеті нәсілдік үстемдік, нацизм идеяларына негізделген қылмыстық әрекеттердің фактілерін анықтауды жалғастыра береді және оларға тиісті құқықтық баға, соның ішінде, РФ ҚК 357-бабы бойынша баға беріледі", - деді ол.

34