Әлем

Есейген "Один дома" кейіпкері фильмнің қызықты сәттерін қайталады

© AFP 2024 / Valerie MACONАктер Маколей Калкин
Актер Маколей Калкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маколей Калкин 28 жыл бұрын түсірілген рождестволық блокбастердің ең қызықты сәттерін қайталады

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. "Один дома" рождестволық фильмінің басты қаһарманы тағы үйде жалғыз қалып қойды. Ол фильмнің ең қызықты сәттерін Google Assistant жарнама ролигі үшін қайталады.

Компанияның YouTube арнасында жарияланған видеоның астында Кевин МакАлистерге тағы да көмек керек, өйткені ол мереке күндері үйінде жалғыз қалды деп жазылған.

1990 жылы түсірілген түпнұсқамен салыстырғанда, енді ол гаджетті немесе "ақылды үй" жүйесін пайдаланып кез келген сәтте жәрдем ала алады.

Роликті 2,8 миллионнан астам адам тамашалаған. 3 мыңнан астам адам пікір қалдырып, бұл видео таптырмас мерекелік сый болды деп қуанып жатыр.

Оның алдында компания жарнаманың қалай түсірілгенін, неге фильмнің дәл осы сәттері таңдалғанын айтқан болатын.


Жаңалықтар
0