Мәскеудің жаңажылдық әшекейі

Жұлдызды аспан: Мәскеудің Жаңа жылда таңғажайып кейіпке енуі

142
(Жаңартылды 19:48 21.12.2018)
Бүгінгі таңда Мәскеуге Жаңа жыл қарсаңында келетін туристер қатары көбейген. Себебі, бұл мерекеде қала таңжайып көрініске ие болады

МӘСКЕУ, 20 желтоқсан — Sputnik. Ресейде Жаңа жыл бір дастарханда бас қосып, оливье салатын сүйсіне отырып жейтін дәстүрлі отбасылық мереке болып саналады. Алайда соңғы бес жылда Мәскеу тұрғындары мен қонақтары бұл мерекені сыртта атап өтуді жөн көреді. Қала мыңдаған шаммен безендіріліп, өзгеше кейіпке еніп, нағыз ертегіні еске түсіретіндіктен, тұрғындардың бұл қалауы немен байланысты екені айтпаса да түсінікті.

Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан дәстүр

Жаңа жыл — Ресейдің ежелгі ғасырлардан бері атап өтіп келе жатқан басты мерекелерінің бірі. Шындығында, 1 700 жылға дейін Жаңа жылды наурыз айында, ал XV жүз жылдықтан бастап оны 1 қыркүйекте атап өтетін болған. Ресейдің бірінші императоры Петр І Христос Рождествосынан бастап жаңа жыл санау жүйесін енгізді. Осының нәтижесінде әлем 7 208 жылдың орнына 1 699 жылдан бастап "жаратылды" деп есептелді. Сондай-ақ, Петр Жаңа жылды Еуропадағыдай 1 қаңтардан бастап Рождество шыршалары мен Мәскеудің басты көшелерін безендіріп атап өтуге бұйрық берді. Осылайша шырша Жаңа жыл мен Рождествоның басты символына айналды.

Қала тұрғындарына мереке құрметіне бір-бірін құттықтап, зымырандар ұшырып, қарудан оқ атуға әмір етті. Ал Қызыл алаңда қару мен пушкадан салюттер атылып, отшашу ұйымдастырылды. Халық болып қыдыру және маскарад ұйымдастыру секілді дәстүрлер осы кезде пайда болған еді.

1917 жылы монархия құлатылғаннан кейін өткен кезеңнің символы іспеттес болған Рождество мен Жаңа жылды атап өтуге тыйым салынды. Сол кезде қаладағы жаңажылдық шыршалар мен безендіргіштер де ғайып болды. Мемлекетке ескі мерекені, онымен қоса шыршалар мен безендіргіштерді қайтару шешімі 1935 жылы Сталин билік құрған кезде қабылданды. 1947 жылдан бастап 1 қаңтар демалыс күні болып жарияланды, 1969-1970 жылдан бастап мемлекет басшысы халықты жаңа жылдың келуімен салтанатты түрде құттықтайтын болды.

Мәскеуліктер 1939 жылғы Жаңа жылды атап өтіп жатыр, архив сурет
© Sputnik / Анатолий Гаранин
Мәскеуліктер 1939 жылғы Жаңа жылды атап өтіп жатыр, архив сурет

Кеңес жылдарында желтоқсан айында Мәскеу көшелерінде безендірілген шыршалар, үлкен Аяз ата, Ақшақар және аққала фигуралары, түрлі-түсті шам және транспаранттар пайда болды. Сондай-ақ, қалада шырша сататын базарлар мен жаңажылдық жәрмеңкелер жұмыс істей бастады.

КСРО ыдырағаннан кейін дәстүр сақталып, қала бұрынғысынша жаңажылдық және рождестволық мерекелерді атап өтетін болды. Алайда соңғы бірнеше жылда бұл арнайы сценарий бойынша өтіп жүр.

Мәскеудегі Қазанның 50 жылдығына арналған алаңдағы Жаңажылдық шырша
© Sputnik / Л. Носов
Мәскеудегі Қазанның 50 жылдығына арналған алаңдағы Жаңажылдық шырша

2012 жылдан бері Ресей астанасында халықаралық стандарттарға сай жергілікті тұрғындар мен туристерге арналған барынша ыңғайлы қоғамдық кеңістіктер, демократиялық дүкендер мен дәмханалар орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған көшелер пайда болуда. Шетелдік қонақтар Мәскеудің жаңа кейіпке еніп, ыңғайлы болғанын жиі айтып жүр.

Сондай-ақ, бағдарлама бойынша жеті жылдан бері астанада ғимараттарды, көпірлер мен ескерткіштерді көркемөнер мен архитектура көмегімен бірегей түрлі-түсті кеңістік қолдан жасалуда.

Үлкен қаладағы дизайн

2012 жылы Мәскеуде жаңа жаяу жүргіншілерге арналған Камергер және Столешников тар көшелері, Кузнецкий көпірі мен Рождественка пайда болды. Ал қаланы Жаңа жыл қарсаңында бірыңғай безендіру концепциясы кейін ғана "шықты" — 2013-2014 жылдың Жаңа жылында.

Сол кезде астаналық мәдениет департаментінің тапсырысымен қаланы мереке қарсаңында безендіру үшін танымал ресейлік дизайнер Артем Лебедевтің студиясы жұмылдырылып, ол жаңажылдық логотиптер, паттерн, виньетка, бордюр және пиктограмма ойлап тапты. "Қыстың ең тамаша қаласы" мерекелік безендірудің басты фразасы болды.

Қыстың үздік қаласы фестивалі аясындағы жаңажылдық шара
© Sputnik / Евгения Новоженина
"Қыстың үздік қаласы" фестивалі аясындағы жаңажылдық шара

Сол уақытта жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жерлер, желекжолдар мен саябақтар ерекше сәндік элементтер мен жанатын фигуралармен безендірілді. Мәскеу бойынша жалпы энергияны аз шығындайтын 12 мың мерекелік жанатын объект орнатылды. Көшелерде жанатын "Жұлдызды аспан" мен жанатын ағаш конструкциясы пайда болды.

Осы кезде "Мәскеу маусымы" циклінен алғаш рет "Рождествоға саяхат" фестивалі өтті.

Жарық серпантині

Келесі 2014-2015 жылдағы Жаңа жылға арнап қаланы безендіру үшін "Жарық серпантині" атты тақырыптық концепция ойлап шығарылды. Жаяу жүргіншілерге арналған көшелердегі ғимараттардың жоғары жағына бірегей түрлі-түсті конструкциялар қойылды.

Мәскеудің Үлкен Дмитровка көшесіндегі айна инсталляция
© Sputnik / Евгения Новоженина
Мәскеудің Үлкен Дмитровка көшесіндегі айна инсталляция

Қалада арасында әдеттегі ағаштар да болған және заманауи материалдарды қолданып жасалған шыршалардың мыңдаған креативті нұсқалары орнатылды. Астанадағы Смоленская, Зубовская, Павелецкая, Серпуховская, Таганская және т.б. басты алаңдар биіктігі бірдей, бірақ өзіндік дизайндері бар шыршалармен безендірілді. Ол уақытта безендіру концепциясын мәскеуліктердің өзі "Белсенді азамат" порталы арқылы таңдағаны қызық.

Мәскеудегі Театр алаңындағы жаңажылдық инсталляция
Владимир Астапкович
Мәскеудегі Театр алаңындағы жаңажылдық инсталляция

Мәскеуде Жаңа жыл және Рождество мерекесіндегі безендіру 2015 жылғы "Орыс әдебиеті жылына" орайластырылып жаңа образдармен толықтырылды.

Пошта маркасы

2015 және 2016 жылдарда астанада жаңажылдық безендірудің басты символы пошта маркасы болды. Себебі, Жаңа жыл мен Рождество жақындарды құттықтап, жылы тілек айтып, ашықхат жіберетін уақыт. Яғни Жаңа жыл бірінші кезекте пошта маркасын еске түсіреді.

Сондай-ақ, алаңдарда, жаңа қоғамдық кеңістіктерде, жаяу жүргіншілер көшелерінде гүлге ұқсас түрлі-түсті фонтан, шырша шамдары және сәндік конструкциялар пайда болды.

ГУМ маңындағы пошта түріндегі сәндік бұйым
© Sputnik / Сергей Пятаков
ГУМ маңындағы пошта түріндегі сәндік бұйым

Қызыл алаңда орналасқан мемлекеттегі басты дүкендердің бірі ГУМ де осы стильде безендірілді.

Италиямен достық

2017 жыл қарсаңында Мәскеу Италия стилінде безендірілді. Ол кезде басты мотив 2017 жылдың логотипінде және жанатын конструкцияларда қолданылған Италия өрнектері болды. Билік мұны Ресей мен Италия мәдениетінің тарихы жағынан жақын екендігімен түсіндірді. Мерекелік безендіруде үлкен шарлар, аркалар мен жанатын фонтандар секілді конструкциялар басты рөлде болды.

Рождествоға саяхат жаңажылдық безендіруі
Владимир Астапкович
"Рождествоға саяхат" жаңажылдық безендіруі

"Рождествоға саяхат" фестивалінің аясындағы жаңажылдық иллюминация ерекше есте қалды. Жаңа жыл қарсаңындағы қаланың мұндай сұлу кейіпке енуіне үйреніп қалған мәскеуліктердің өзі көшеде қуана қыдырып, тамаша "декорациялар" алдында суретке түскен.

Біздің бар өміріміз — театр

2017-2018 жылғы жаңажылдық мерекелер үшін театр тақырыбы таңдалған. Сол себепті көшелерде тақтай төсеніштер, маска түріндегі фигуралар, жанатын сахна декорациясы мен желдеткіштер пайда болған еді. Қала аспан астындағы жалт-жұлт еткен театрға айналғандай.

"Рождествоға саяхат" фестивалінің өткізілуіне байланысты 31 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Тверская, Моховая және Охотный Ряд көшелері жабық болды.

Турист қыз Манежный алаңында жаңажылдық декорацияның ортасында тұр
© Sputnik / Илья Питалев
Турист қыз Манежный алаңында жаңажылдық декорацияның ортасында тұр

Фестивальде әртүрлі қойылым, соның ішінде спектакль болды. Қонақтар авторлық стритфуд тамақтардың дәмін татып, би билеп, ән айтып, инсталляция алдында суретке түсті.

Әмбебап қор

Жаңа жылдық әшекейлердің барлығы бірдей әр жыл сайын арнайы жасалмайды, олардың көбісі бірнеше рет қолданылады.

"Қала салыстырмалы түрде арзан бағамен безендіруге мүмкіндік беретін ғарыштық-сәндік элементтердің жеткілікті қорын жасақтады", — деп түсіндірді Мәскеу Біріккен энергетикалық компаниясы.

Ірі нысандардан Тверь және Пушкин алаңдарынан, сондай-ақ Революция алаңынан, Камергский және Газетный тұйық көшелерінен, Новопушкин алаңынан көруге болатын жарық беретін аркалар бірнеше рет қолданылады.

Қала қонақтары мен тұрғындары әсіресе Үлкен Дмитровка және Никольская көшелеріндегі "Жұлдызды аспан" жарық конструкциялары мен жарық ағаштарын тамашалағанды ұнатады.

Мәскеудегі Рождество жарығы атты халықаралық фестиваль
© Sputnik / Владимир Астапкович
Мәскеудегі "Рождество жарығы" атты халықаралық фестиваль

"Тұтастай алғанда, қаланы жаңа жылдық мерекеде безендіретін көлемді-сәндік конструкциялардың көпшілігі қайта орнатылуы немесе аздаған өзгерістер енгізу есебінен жаңа түрге енуі мүмкін", — деп толықтырды Біріккен энергетикалық компания.

Туристер арасында танымал

Қызыл алаңдағы жаңажылдық жәрмеңке
© Sputnik / Илья Питалев
Қызыл алаңдағы жаңажылдық жәрмеңке

Мәскеуде Жаңа жыл және Рождество мерекелерінде түрлі жәрмеңке өтеді. Манеж және Қызыл алаңда ұйымдастырылатын жәрмеңкелер игі дәстүрге айналып отыр.

Бұл базарларда сауда павильондарынан бөлек, көңіл көтеретін орындар, мысалы, әткеншектер бар. Қызыл алаңда, сонымен қатар, мұз айдыны да құйылады.

Мәскеу көрінісі
© Sputnik / Григорий Сысоев
Мәскеу көрінісі

Кузнецк көпірі секілді жаяу жүргіншілерге арналған көшелерде рождестволық базарлар мен жәрмеңкелер өткізіледі. Қалалық саябақтарда да уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік бар. ВДНХ, "Сокольники" және Горький саябағында Мәскеудегі ғана емес, Еуропадағы ең үлкен мұз айдындары орнатылады.
Қаладағы өзгерістер Мәскеудің ішкі және шетелдік туристердің арасында танымалдылығының артуына сеп болып отыр. Көптеген саяхатшы Ресей астанасының өзгеріп, ыңғайлы бола түскенін атап өтеді, енді шетелдіктер жаңажылдық мерекелерді қарсы алу үшін өзге еуропалық астаналармен қатар Мәскеуді де жиі таңдап жүр.

142
Кілт сөздер:
шырша, жаңа жыл, тарих, мереке, Мәскеу
Тақырып бойынша
Жаңа жыл келді: Министр азық-түліктің қымбаттауына дайын болуға кеңес берді
Жаңа жыл — 2019: Жақындарыма қандай сыйлық сыйлаймын?
Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады
Жаңа жыл жақындап қалды: Сағынтаев әкімдерге қандай тапсырма берді?
Жаңа жыл түні Астанада 57 сәби дүниеге келді
Мұсылманша жаңа жыл санауы басталды
Астанада бас шырша жағылды — видео
Загрузка...