Әлем

Роналду спортқа қатысы жоқ рекорд жасады

© AP Photo / Paul WhiteКриштиану Роналду
Криштиану Роналду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Футболшы Instagram әлеуметтік желісінде рекорд орнатты

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны бойынша рейтингте көш бастады. Ол - 150 миллион оқырманы бар әлемдегі бірінші адам.

Шөл далада түнде жүгіріп жүргені түсірілген видеосын бір тәулікке жетпейтін уақыт ішінде 20 миллион адам тамашалаған. Футболшы өткен жылды өз мансабындағы үздік жыл деп атады.

Бұл рейтингте Роналдудан кейін 144 миллион оқырманымен Селена Гомес және 141,4 миллион оқырманымен Ариана Гранде тұр.

Instagram желісінде танымал өзге футболшылар қатарына "Пари Сен-Жермен" клубындағы Неймар мен "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси жатады, олардың жеке парақшасына жазылғандар саны 100 миллионнан асады екен.

Қазақстандық спортшылардың арасында ең танымал - Александр Винокуров (43,6 мың оқырманы бар). Ол жанкүйерлері мен командасына маусымды сәтті аяқтағаны үшін алғысын білдірді.

Волейболшы қыз Кристина Карапетянның парақшасына 45,5 мың адам жазылған екен.

Әнші Jah Khalib-тің ресми парақшасында 2,1 миллион оқырман бар.

Ал Димаш Құдайбергеннің оқырмандар саны - 1,7 миллион.

Жаңалықтар
0