Қытай

Қытай халқының саны 70 жылда алғаш рет азайды

1099
(Жаңартылды 15:51 06.01.2019)
Ғалымдар Қытай отбасыларында бала санын көбейту туралы мемлекеттік саясаттың өз нәтижесін бермей отырғанын айтты

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тағы Висконсин университетінің туу көрсеткіші бойынша маманы И Фусянь мен Пекин университетінің экономисі Су Цзян Қытай денсаулық сақтау және бала туу бойынша мемлекеттік комитетінің мәліметтері негізінде зерттеу жүргізген. Нәтижесінде өткен жылы Қытай халқының саны 1,27 миллион адамға қысқарғаны белгілі болды.

AFP мұның 70 жылда алғаш рет болып отырғанын айтады. 2017 жылмен салыстырғанда өткен жылы туу көрсеткіші 2,5 миллион сәбиге қысқарған. Ғалымдар "Бір отбасыда — бір бала" деген демографиялық саясаттан бас тартқаннан кейін керісінше нәрестелер саны көбейеді деп күткен. Шамамен туу көрсеткіші 790 мың адамға артуы керек еді.

И Фусянь алдағы уақытта да халық санының қысқара беруі мүмкін екенін айтады. Себебі жыл сайын ата-аналар шығынның көптігін ескеріп, балалы болмауды жөн көреді.

Ұлттық статистика бюросы ай соңына дейін халық саны туралы жаңа ақпарат береді. Олардың мәліметі бойынша, 2017 жылы Аспан асты елінің азаматтарының саны 1,4 миллиард болған. Мемлекетте "Бір отбасыда — бір бала" демаграфиялық саясаты 1979-2016 жылдар аралығында жүргізілді.

1099
Кілт сөздер:
туу көрсеткіші, халық саны, нәресте, зерттеу, халық, Қытай
Тақырып бойынша
Қазақстанда халық саны өсті
Оңтүстік Қазақстан облысында халық саны 3 миллионға жуықтады
Қытайда отыз жылдай қолға түспеген кісі өлтіргіш өлім жазасына кесілді
Қытайда ерекше құбылыс болды – видео
Қытайда химиялық зауытта жойқын жарылыс болып, ондаған адам өлді
Қытайда көз жұмған қазақ қызына қатысты тың деректер шықты
Қытайда қалған қазақтардың балалары көмек сұрады: Қазақстан нота жіберді
Загрузка...