Токио

Қазақстандықтар Жапониядан кеткені үшін салық төлейді

516
(Жаңартылды 16:17 08.01.2019)
Екі жасқа толмаған балаларға, транзиттік жолаушыларға, дипломаттарға және үкіметтік арнайы рейстердің жолаушыларынан алым ұсталмайды

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Жапония билігі барлық туристі елден шығуға салық төлеуді міндеттеді. 7 қаңтардан бастап елден теңізбен немесе ұшақпен кететін барлық адамнан жаңа ақы ұсталады.

 Күншығыс елінің қонақтары мың иен немесе шамамен 10 доллар төлеуі тиіс. Заң барлық елдің азаматтарына қолданылады, деп жазды РИА Новости.

 Кіру визасы әзірге тегін. Келесі жылы Жапонияға, жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, шамамен 40 миллион саяхатшы барады.

Салық жинаудан түскен ақша Жапонияның халықаралық әуежайларының әлеуетін арттыруға және туристік көрікті жерлердің тартымдылығын арттыруға жұмсалады, деп түсіндірді Қаржы министрлігі.

Жапониядан шығуға кімдер салық төлемейді? 

Кемелер мен ұшақтардың экипаждары Жапониядан шыққаны үшін ақы төлеуге міндетті емес. Депортацияланған тұлғаларға, екі жасқа толмаған балалар мен транзиттік жолаушыларға, сондай-ақ үкіметтік арнайы рейстердің дипломаттары мен жолаушыларына салық жинау бойынша жаңа ереженің қатысы жоқ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты күтпеген жерден Жапонияға қонған немесе кемемен келген жолаушыларға салық салынбайды.

Жапонияға 7 қаңтарға дейін билет сатып алған туристер елден шыққан кезде салық төлемейді. 


516
Кілт сөздер:
салық, туристер, Қазақстан, Жапония
Тақырып бойынша
Президент салық амнистиясын өткізуді тапсырды
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға салық: кім қанша төлейді?
Қазақстанда жаңа салық режимі енгізіледі
зертхана

Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты

19
Ғалымдардың пікірінше, ол қатерлі ісік түрлерімен, сондай-ақ, түрлі бактериялық инфекциялармен күресуге көмектеседі

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік ғалымдар әмбебап антибиотик ойлап тапты.

Түмен мемлекеттік университетінің ғалымдары Ресейдің басқа ғылыми-зерттеу институттарындағы әріптестерімен бірлесіп, әлемдегі алғашқы әмбебап табиғи антибиотик тапты, ол қоздырғыштардың дәріге төзімділігін жеңе алады, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл зат бактериялардың әсерінен адамдар мен жануарлардың бойында болатын инфекциялық аурулармен тиімді күресуге көмектеседі. Ғалымдар зерттеу жұмысын Applied Biochemistry and Microbiology журналында жариялады. 

Мақала авторларының атап өтуінше, фармакологияның басты міндеттерінің бірі  - нарықтағы қолжетімді антибиотиктерге көп рет (MDR) немесе абсолютті түрде (XDR) төзімді келетін микроағзалармен күресе алатын табиғи антибиотиктерді іздеу табу.

Түмен зерттеушілері А эмерициллипсин пептидінің бірегей "қабілетін" ашып көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, бұл зат бактериялардың биоқабат түзу қабілетін тежейді, соның әсерінен бұл ауру қоздырғыштардың антибиотиктерге төзімділігі жойылады.

Бұл заттың басты ерекшелігі – инфекцияға әсер ету әмбебаптығы, деп түсіндірді мақала авторлары.

Ғалымдар А эмерициллипсині ісіктер, сондай-ақ бактериялық және саңырауқұлақ инфекцияларының көп түрімен күресуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Терапия егу немесе зақымданған тіндерді тікелей емдеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

19
Кілт сөздер:
ғалымдар
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео

Вашингтон неліктен Тегеранға қарсы санкция енгізді?

20
АҚШ Иранға қарсы санкцияларды толық көлемде қалпына келтірді. Мемлекеттік департамент мұны "Тегеран ядролық келісімді орындап отырған жоқ" деген желеумен түсіндірді

МӘСКЕУ, 23 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ мен Еуроодақ америкалықтардың бұл "дәлелдеріне" сенімсіздік танытып, Вашингтонға қосылудан бас тартты, деп жазады РИА Новости.

Біржақты қысым

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қару-жарақ жеткізуге салынған эмбаргоның (тыйым салу) мерзімін ұзартқан жоқ. Бірақ АҚШ та қарап қалмады, санкцияларды қайтарып берді. Енді олар тек Тегеранға ғана емес, эмбаргоны "бұзушылардың" бәріне қарсы", - деген Майк Помпео ЕО-ны Вашингтонды қолдауға шақырды.

Алайда реакция керісінше болып шықты. Германия, Ұлыбритания және Францияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары ("еуропалық үштік") Ақ үйдің әрекеттерін айыптап, бірлескен мәлімдеме жасады.

"АҚШ 2018 жылғы 8 мамырда Иран бағдарламасы бойынша Бірлескен кешенді әрекеттер жоспарынан (БКӘЖ) шықты, сондықтан "мәміле" қатысушысы болып саналмайды. Демек, Вашингтонның кез-келген шешімінің заңды күші жоқ", - деп атап өтті "еуропалық үштіктің" министрлері.

Париж, Берлин және Лондон, керісінше, санкцияларды жеңілдетуді жалғастыра береді. Министрлер Иранға қойылған шектеулерді алып тастау БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарында қарастырылғанын еске салды. Бұл құжат 2015 жылы келісілген "ядролық мәмілені" ресми түрде мақұлдады.

"Біз оның сақталуын ұдайы қолдап келеміз, бұдан кейін де жалғастыра береміз", – деп атап өтті еуропалықтар.

Еуропалық уәде

Дональд Трамп екі жыл бұрын "Тегеран ядролық бағдарламаны жасырын түрде дамытып жатыр" деген көзқарасын алға тартып, "мәміледен" бас тартты. Бұған қатысты ешқандай дәлел келтірмеді, бірақ  санкцияларды қайтаруды талап етті.

Ресей, Қытай және еуропалықтар оның бұл қадамын айыптап, алдағы уақытта құжаттың АҚШ-тың қатысуынсыз жұмыс істей беретіндігін баса айтқан еді. Германия, Франция, Ұлыбритания тіпті компанияларға Иранмен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін арнайы заң қабылдады. Бизнес АҚШ-тың қысымынан қорықпауы үшін арнайы INSTEX қаржылық тетігін әзірледі. 

Алайда, оның әсері шектеулі болды. Себебі, компаниялар бәрібір Иран нарығынан кетті, нәтижесінде Ислам республикасының экономикасы күрт құлдырады. Пекин АҚШ-тың санкцияларын айыптағанына қарамастан, қытайлар да Тегеранмен әріптестік байланысын үзді.

Иран билігі еуропалықтар Вашингтонды бизнестің "ізіне түспеуге" сендіре алады деп үміттенеді. Бірақ шетелдік компаниялар елден кетіп, "енді Вашингтон өз ұстанымын жеңілдетеді" деген үміт жібі үзіле  бастағаннан кейін, Тегеран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты шектеулерді алып тастады.

БКӘЖ-нің заңды күші бар, алайда "мәмілеге" қатысушылардың  бір-бірін айыптауы оған деген сенімді жоғалта бастады. Ал Тегеранның құжат шарттарын орындаудан бас тартуын Вашингтон "Аятолла режиміне" қарсы жаңа шабуылға қатысты негізгі дәлел ретінде пайдаланып отыр - Америка ақпарат құралдары Иран Ислам республикасының саяси жүйесі туралы осылай дейді.

"Эмбаргоны алып тастауға жол бермеу керек"

Америкалықтар 18 қазан күні Тегераннан қару-жарақ эмбаргосы алынып тасталатындығынан ерекше қауіптенеді. Мұндай қорқыныштың туындауына Иранның көршілері де ықпал етіп отыр.

Осы арқылы Израиль, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Кувейт мемлекеттері Ислам Республикасының тыйымдар аяқталғаннан кейін Ресей мен Қытайдан әуе қорғанысына қажетті техникалар мен заманауи жойғыш ұшақтарды алатындығын аңғартып отыр. Бұл сөзсіз, Иранды нығайтып, өңірдегі жағдайды қиындата түседі. Мұндай сценарийді болдырмас үшін Тегеранның қарсыластары АҚШ арқылы әрекет етері анық.

Тамыз айында америкалықтар Тегеран Ливан мен Сирияда "Хезболланы", сондай-ақ жергілікті әскери күштермен бірнеше рет қақтығыс тудыруға түрткі болған Ирактағы шиит содырларын қарумен қамтамасыз етіп жатыр деген желеумен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қару эмбаргосын ұзарту туралы қарар ұсынды.

Франция, Германия және Ұлыбритания америкалықтардың алаңдаушылығын жақсы түсінеді, бірақ олардың ұсынысын қолдаған жоқ. Ресей мен Қытай АҚШ-тың бұл бағыттағы барлық күш-жігеріне тосқауыл қоятындықтарын ашық көрсетті. Иран өз кезегінде мұндай қарар "ядролық мәміленің" соңғы нүктесін қояды, деп мәлімдеді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі америкалық жобаны қабылдаған жоқ.  Алайда, бір аптадан кейін мемлекеттік департамент Тегеранның БКӘЖ бойынша міндеттемелерін бұзғанын растайтын құжаттарды ұсынды. Онда Иран байытылған уранды белгіленген нормадан 300 килограмға артық жинады, делінген.

Майк Помпео Вашингтонның санкцияларды толығымен қалпына келтіргісі келетінін жасырмады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ "мәміледен" шығып кеткендіктен, оны "мәміле ережелерінің" сақталуы бойынша соттай алмайтынын еске салды. Америкалықтар әлі де 2231 қарарын мақұлдағандардың қатарында екендіктерін айтты. Демек, олардың санкцияларға қатысты құқығы сақталады.

Олар БКӘЖ мәліметтері бойынша, егер Иранға қарсы шағым түскеннен кейін 30 күн өткен соң ешқандай шара қолданылмаса, санкциялар жаңартылатынын жеткізді. Белгіленген мерзім 20 қыркүйекте аяқталды.

Күту дипломатиясы

"БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Қауіпсіздік Кеңесінде келісімнің жоқтығына сілтеме жасап, Иранға қарсы санкциялардың қалпына келтірілуіне қарсы пікір білдірді. МАГАТЭ америкалық шешімді елеген жоқ және Еуропада қатты сынға ұшырады. Сөзсіз, Вашингтон өзін қорлайтындай жағдайға тап болды", - деді ММХҚИ Халықаралық зерттеулер институты Еуроатлантикалық қауіпсіздік орталығының аға ғылыми қызметкері Андрей Баклицкий.

Осыған қарамастан, сарапшы АҚШ-тың санкциялары шетелдік бизнесті "үркітетінін" жоққа шығармайды. Тіпті, қазан айында қаруға қарсы эмбарго алынып тасталған күннің өзінде, барлық компания Иранмен сауда жасағысы келмейтіні анық. Ал керісінше АҚШ қысымына ұшырау қаупі асып түсуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда да Вашингтонның әрекеттері шектен тыс көрінеді.

"Еуропалық заңнамада қару-жарақ эмбаргосы 2023 жылға дейін қарастырылған. Сондықтан халықаралық тыйымдар алынып тасталса да, ЕО Тегеранмен бұл салада ынтымақтастық орната алмайды. Ресей және Қытайға қатысты жағдай одан да қызықты. Иранға қару-жарақ сатуы мүмкін делінген елдердің компаниялары қазірдің өзінде санкцияға алынған. Оларға эмбарго алынып тасталғаннан кейін Тегеранмен "салтанатты мәміле" жасауға ештеңе кедергі келтірмейді.  Бұл "қару-жарақ Иранға бірден түседі" дегенді білдірмейді, бірақ АҚШ-тың моральдық тұрғыда жеңіліс табатыны анық!", - дейді Баклицкий.

АҚШ-та тұратын халықаралық қатынастар жөніндегі маман Рафаэль Саттаров Тегеранның АҚШ-тың біржақты санкцияларына сабырлықпен қарағандығына назар аударып отыр. Оның айтуынша, Иран билігі Америкадағы президент сайлауы алдында жағдайды ушықтырғысы келмейді. 

"Ислам Республикасы АҚШ-қа қарсы айтылған кез-келген қатаң мәлімдеме өзіне тек зиян тигізетінін түсінеді. Себебі, Трамп Иранмен арада болуы мүмкін дағдарысты дереу өз пайдасына шешіп, режимге қатысты қысымын күшейтеді. Бұған қоса, қазір Еуропа, Ресей, Қытай, БҰҰ –  Иранның жағында. Демек, сөзге келіп, қарсыласудан ештеңе ұтпайды.  Ал біржақты санкциялардың халықаралық тұрғыда мойындалған заңды күші жоқ", - деп есептейді Саттаров.

Сарапшылардың "АҚШ-тың келесі президенті Джо Байден болса, америкалықтар БКӘЖ-ге қайта оралуы мүмкін" деген ойлары бір жерден шықты. Алайда, Трамп президент болған жылдары Иран төңірегіндегі жағдай өзгерген болатын. Сондықтан "мәмілеге" оралу рәсімі қиынға түседі.

20
Дәлізде жүрген дәрігерлер

Тоқаевтың тапсырмасы орындалмай жатыр: мәжіліс министрді есеп беруге шақырды

37
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжіліс депутаттарына президенттің коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлем төлеу туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде есеп береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен Зәуреш Аманжолова үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне төлемнің уақытылы төленбеу мәселесін қозғады.

Депутат денсаулық сақтау министрлігінің деректерін келтірді. Оған сүйенсек, 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда 12 830 медицина қызметкері індетке шалдыққан. Ал мемлекеттен төлем алуға небәрі 2 475 өтініш түскен, бұл ауырғандардың жалпы санының 19%-ін ғана құрайды. Ал біржолғы әлеуметтік төлем тек 1 830 адамға немесе вирус жұқтырғандардың 14,3%-не төленген.

"Коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу жұмысы мүлде нашар. Бүгінге дейін індеттен 197 медицина қызметкері көз жұмса, денсаулық сақтау министрлігінен төлемге тек 38 өтініш қана түскен. Ал өтемақыны алғандар саны небәрі – 25 немесе марқұм болғандардың жалпы санының 12,7%-і", – деді Аманжолова.

Оның айтуынша, министрлік қызметкерлерінің баяулығынан президенттің тапсырмасы дер кезінде орындалмай жатыр.

"Денсаулық сақтау және еңбек министрліктері өзара іс-қимыл алгоритімін уақытылы пысықтамаған. Салдарынан осындай проблемалар туындап отыр. Осы айтылғандарды ескеріп, сізден бұл мәселені жеке бақылауға алуды сұраймыз", – деді депутат.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жақын арада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы мәселе бойынша мәжіліске шақырылатынын айтты.

"Келіп есеп берсін. Президенттің тікелей тапсырмасы жарты жыл бойы орындалмай жатыр. Бұған не себеп? Медицина қызметкерлері алғы шепте жүрді, қиын жағдайда жұмыс істеді. Біреулерінің денсаулығы сыр берді, енді бірі қайтыс болды. Ал тапсырма әлі орындалған жоқ. Таяуда Nur Otan фракциясы министрді шақырып, осы мәселені қарастырады", – деді спикер.

Оқи отырыңыз: 51 медицина қызметкері COVID-тан көз жұмды – 10 млн теңге қалай беріледі 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 30 наурызда COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге 2 миллион теңге, ал қайтыс болған жағдайда отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуді тапсырды.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін 9 сәуірде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем төлеу тәртібі туралы бірлескен бұйрығы шықты.

37
Кілт сөздер:
сақтандыру өтемақысы, өтемақы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігерлерге тиесілі үстемеақы төлеу кезінде қателік жіберілді
Еңбек министрлігі төлемдерге қатысты ақпарат берді
Төтенше жағдайда қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қалай төленеді
Індет жұқтырған 1 364 медицина қызметкеріне өтемақы төленді – министрлік
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды