Әлем

Тарихта болмаған: "Мәскеу аруы" жеңімпазына үйленген Малайзия королі тақтан түсті

CC0 / / Той
Той - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұхамед V осының алдында бір рет үйленген. Алғашқы некесінен балалары жоқ

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Малайзия королі Мұхаммед V тақтан түсті, деп хабарлайды РИА Новости.

Малайзия - Sputnik Қазақстан
Малайзия королі "Мәскеу аруына" үйленіп, дүркіретіп той өткізді
Ол мемлекет конституциясына сәйкес, өзін мемлекет басшысы қызметін атқарудан босатты. Корольдің мерзімінен бұрын тақтан түсуі — мемлекет тарихындағы алғашқы жағдай. Мұндай шешім қабылдауына не себеп болғаны айтылмады.

"Король басшылар конференциясына хат жолдап, бұл туралы бәріне ескертті", — делінген шенеунік таратқан хабарламады.

Бұрынғы король басшылар конференциясына, сондай-ақ, премьер мен үкіметке алғыс айтқан. Басылымның хабарлауынша, Мұхаммед V өзінің туған штаты Келантанға қайтуға мәжбүр.

2018 жылдың қараша айында Мәскеу түбіндегі Барвихада монарх "Мәскеу аруы — 2015" байқауының жеңімпазы Оксана Воеводинаға үйленді. Тойда ішімдік болмады, ал дастарханға тек халал тағамдар қойылды. Қалыңдық жұрт алдына орыс ұлтына тән, ал бұрынғы король Малайзияның ұлттық киімін киіп шықты. Сондай-ақ, бір жылға жуық уақыт корольдің қалыңдығына қонаққа барып тұрғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз:

Мұхамед V осының алдында бір рет үйленген. Бірінші әйелімен ажырасқанына он жылға жуық уақыт болды. Алғашқы некесінен балалары жоқ.

Жаңалықтар
0