Асхана

Тамағы өмірге қауіпті елдер Қазақстан жайлы дерек адам шошырлық

3579
(Жаңартылды 15:44 14.01.2019)
Тамақтан болатын өлім-жітімнің ең жоғарғы көрсеткіші ТМД елдерінде тіркелді. Бұрын КСРО құрамында болған республикалар рейтингте алғашқы орындарды иеленді

АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Сарапшылар қай елдерде дұрыс тамақтанбау салдарынан өлім-жітім көбейгенін анықтады. Бұл анти-рейтингті Қазақстан тоғызыншы орыннан көрінді. 

Daily Mail агенттігінің хабарлауынша, Йенадағы (Германия) Фридрих Шиллер атындағы университеттің ғалымдары 1990 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, едәуір қауіпті тамақтанатын адамдар ТМД елдерінде екені анықталды.

Тізімдегі бірінші орында оңтүстіктегі көршіміз Өзбекстан тұр –республикада 100 мың адамға шаққанда 394 адам дұрыс тамақтанбаудың құрбаны болған. Екінші орынды Түрікменстан иеленді, онда 376 адам қайтыс болған. Үшінші орында – Қырғызстан (350 адам дұрыс тамақтанбағаннан көз жұмған).

Одан кейінгі орындарға Украина, Молдова, Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстан орналасты.

Ресей алғашқы ондықты түйіндеді, мұнда 100 мың адамға шаққанда 291 адам өлген.

Батыс Еуропада ең нашар жағдай Германияда тіркелген. Сарапшылардың пікірінше, ең дұрыс тамақтанатын адамдар Испания мен Израильде тұрады. 


3579
Кілт сөздер:
диета, өлім-жітім, дұрыс тамақтану, ғалымдар
Тақырып бойынша
Ғалымдар: веган болу — балалар үшін аса қауіпті
Кофе аса қауіпті аурудың алдын алады
Ғалымдар ең қауіпті азық-түлікті анықтады
Ғалымдар дене еңбегі ер адамдарды өлімге әкеліп соқтыратынын анықтады
Ливанға аттанып бара жатқан Қазақстанның әскери дәрігерлері

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливан астанасына аттанды

6
Ливан астанасына аттанған әскери дәрігерлердің көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы күштер бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Қарулы күштердің жеке құрамынан құралған әскери дәрігерлер тобы Ливан астанасына аттанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан – Ақтау – Бейрут бағыты бойынша ұшты.

"Бүгін таңертең Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін әуе қорғаныс күштерінің әскери-көліктік авиация ұшағы Ливан астанасына аттанды. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсету болып табылады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, топ құрамында жоғары білікті хирургтер, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық салаға бейімделген орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Елдегі Covid-19 эпидемиясына байланысты топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

Айта кетейік, 4 тамыз күні Ливан астанасында әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-ден астам адам қаза болды. Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Алайда, ауруханаларда орын жетіспеуінен зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмауда.

6
Кілт сөздер:
әскерилер, көмек
Тақырып бойынша
Тоқаев әскери жағдайда өзінің өкілеттігін кеңейту мәселесін заңдастырды
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды
Әскери роботтар өндірісіндегі серпіліс
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
Нұр-Сұлтанда иттің үргеніне ашуланған әскери қызметкер ерлі-зайыптының зәресін алды
Зертхана қызметкері

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина қашан тіркеуден өтетіні белгілі болды

59
(Жаңартылды 16:46 07.08.2020)
Ресейдегі Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығында әзірленген вакцина 12 тамызда тіркеледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Коронавирусқа қарсы әлемдегі алғашқы вакцина 12 тамызда тіркеледі, деп хабарлайды РИА Новости.

"Гамалея орталығында жасалған вакцина 12 тамызда тіркеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Ең алдымен медицина қызметкерлері мен қарт адамдарға вакцина қойылады", - деді Ресей денсаулық сақтау вице-министрі Олег Гриднев Уфада өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Ол сарапшылардың халықтың иммунитеті қалыптасқаннан кейін препараттың тиімділігін бағалай алатындығын атап өтті.

Коронавирусқа қарсы вакцина қалай әзірленді

Гамалея орталығында жасалған вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу 18 маусымда басталды. 38 ерікті қатысқан алғашқы сынақта оның қауіпсіздігі дәлелденді, яғни еріктілердің барлығында инфекцияға қарсы иммунитет дамығанын көрсетті.

Орталық директоры Александр Гинцбург коронавирусқа қарсы вакцина барлық адамға тиімді болмайтынын айтады. Кез келген препарат аурудың асқынуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да созылмалы аурулары бар адамдар мамандармен кеңескені жөн.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды

Айта кетейік, Ресейде жаппай вакцинация қазан айында басталады деп жоспарланып отыр.

59
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрі-дәрмек, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Батыс COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеу жарысында артта қалып келеді
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Иммунолог коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды