Boeing 707 жүк ұшағы Иранда апатқа ұшырады

Бішкектен шыққан ұшақ апатқа ұшырады: бір адам аман қалған

1525
(Жаңартылды 10:02 17.01.2019)
Boeing 707 жүк ұшағы Тегеранның маңындағы Карадж қаласындағы "Пайам" әуежайына бет алған

АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Тегеран түбінде болған ұшақ апатынан 15 адам қаза тауып, тек біреуі аман қалды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы Тегеранның маңындағы Карадж қаласындағы "Пайам" әуежайына бет алған. Алайда қателесіп сол қаладағы "Фатх" әуежайына қонады. Қону кезінде ұшқыш әуе кемесін басқара алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, адамдар тұратын ауданға кіріп кеткен. 

"Бортта болған 16 адамның арасында тек ұшақ инженері ғана аман қалды", — делінген хабарламада. 

Fars агенттігі хабарлағандай, апат болған орындағы ғимараттарда тұратын адамдардың тағдыры әлі белгісіз. 

"Манас халықаралық әуежайы" ААҚ баспасөз хатшысы Әлия Құрбанова ұшақтың Иран әуе компаниясына тиесілі екенін және Бішкектен чартерлік рейс орындағанын мәлімдеді.

1525
Кілт сөздер:
жүк, ұшақ апаты, әуежай, ұшақ, Тегеран, Иран, Бішкек
Тақырып бойынша
Суданда жоғары лауазымды шенеуніктер мінген ұшақ құлады
Танымал әнші ұшақ жолаушысының өмірін құтқарып қалды
Ұшақ қозғалтқышының қаптамасы жолаушылардың көз алдында шашылып қалды – видео
Астанаға бағыт алған ұшақ Алматы әуежайына қайтып келді
Әуежайдан ұшқалы жатқан ұшақ кісі қағып өлтірді – видео
Астанадан ұшып шыққан ұшақ Уфаға шұғыл қонуға мәжбүр болды
CІМ ұшақ апатынан қаза тапқандар ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын анықтады
Ұшақ қонар кезде селфи жасамақ болған екі қыз ажал құшты
Загрузка...