Дәрілер

Әйел тамағында тұрып қалған дәрі қаптамасымен екі апта бойы жүрген

269
(Жаңартылды 14:46 18.01.2019)
Дәрігерлер бір апта бойы науқастың денесінен бөгде затты таба алмады

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Британияның Белфаст қаласы тұрғынының өңешіне блистер (дәрі салатын ыдыс — Sputnik) тұрып қалып, осылай жарты айдан астам уақыт жүрген. Бұл туралы BMJ Case Reports жазды. 

Алдымен, әйел тамағы ауырғанына шағымданып жергілікті ауруханаға барады. Дәрігерлерге тамағында бөгде зат тұрып қалғандай күйде жүргенін айтады. Осылайша әйел бірінші лор маманға қаралады.

Емханадағылар әйелді тексергеннен кейін оның дәрі ішкен кезде тамағын зақымдап алған болуы мүмкін деп болжайды. Сондай-ақ, тамағының ауырғаны 48 сағат ішінде басылмаса, дәрігерлерге қайта қаралуға кеңес береді.

Алайда әйел араға үш тәулік салып тамағының әлі де ауырып жатқанын айтып ауруханаға түседі. Бұл жолы дәрігерлер оны контранстық рентгенографияға түсіріп, денсаулыққа зиян келтіретініндей ешнәрсе анықтамайды.

Бұдан кейін дәрігерлер оны гастроскопияға бағыттап, тамағында трамадолдың қабымен жүргені белгілі болады. Әйел оны түнде дәрі ішпек болған кезде байқамай жұтып қойған.

Тағы оқыңыз:

Дәрігерлер сол жерде оның тамағындағы затты алып тастады. Бөгде зат әйелдің ағзасында 17 тәулік бойы болған.

269
Кілт сөздер:
емхана, аурухана, маман, дәрі, әйел, Ұлыбритания
Тақырып бойынша
Әйел мен оның екі баласы ежелгі әдет-ғұрыптың құрбаны болды
Қарағандыда 143 жыл "өмір сүрген" әйел тұрады
65 жастағы әйел босанды: сәбиінің әкесі 80 жаста
Ақтауда жүкті әйел көз жұмды: туыстары перзентханаға басып кірді
Жасөспірім ұлын қылмысқа итермелеген әйел қолға түсті
Шындықты біліп қойған әйел күйеуінің көңілдесін қатаң жазалады
Дәрігерге қаралған әйел өзінің ер адам екенін білді
Қорғаныш киімін киген дәрігер

Дәрігер Қытайда анықталған жаңа вирустың таралуына қатысты пікір білдірді

402
(Жаңартылды 12:32 09.08.2020)
Қытайда анықталған SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Дәрігер-вирусолог Евгения Тарасова "Вечерная Москва" басылымына берген сұхбатында тромбоцитопениялық синдроммен байланысты безгектің таралу ықтималдығын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Қытайда SFTS вирусын 60-тан астам адам жұқтырып, оның жетеуі қайтыс болғаны хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Адам өміріне аса қауіпті: кене шаққанда не істеу керек?

Аталған инфекцияның қоздырғышы кене болып табылады. Ал адамдар арасында қан немесе шырышты қабық арқылы жұғады.

Ауру белгісі ретінде науқаста жөтел пайда болып, қызба және лейкоциттер мен тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалады.

"Инфекция ошақтары бір ғана елдің ішінде болғандықтан, бұл вирустың таралуы екіталай", – деп түсіндірді Тарасова.

Виролог қолданыстағы карантиндік шаралар мен шекаралардың жабық болуы инфекцияның Қытай аумағынан тыс жерге таралу ықтималдығын төмендетеді, деп атап өтті.

402
Кілт сөздер:
Қытай, вирус
Тақырып бойынша
WhatsApp-тан хабарлама ұрлайтын жаңа вирус анықталды
Ғалымдар коронавирусты емдейтін жаңа қондырғы ойлап тапты
Қытайда тағы бір жаңа вирус шықты
Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады
Оңтүстік Қазақстанда кене шаққан әйел мен бала көз жұмды
Беларусь елшілігі

Беларусьте президент сайлауы өтуде: Қазақстанда қайда дауыс беруге болады

54
Қазақстандағы Беларусь елшілігінің қызметкерлері бұл жолғы президенттік сайлау науқанына азаматтардың қызығушылығы ерекше екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Бүгін Беларусьте президент сайлауы өтуде. Осыған орай, Беларусь азаматтары Қазақстанда қай жерде дауыс бере алатынын назарларыңызға ұсынамыз.

Беларусь президенттігіне кандидаттар

1. Беларусьтің қазіргі президенті, 1994 жылдан бері елді басқарып келе жатқан Александр Лукашенко;

2. "Говори правду!" қозғалысының көшбасшысы Андрей Дмитриев;

3. Өзін-өзі ұсынған кандидат Светлана Тихановская – блогер Сергей Тихановскийдің әйелі;

4. Беларусь социал-демократиялық Грамадасының төрағасы Сергей Черечень;

5. Өкілдер палатасының экс-депутаты Анна Канопатская.

Қазақстанда қайда дауыс беруге болады

Беларусьтің Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, биыл Беларусь азаматтарының президенттік сайлау науқанына айтарлықтай қызығушылығы бар. Сайлаушылардың келуі алдыңғы сайлауларға қарағанда анағұрлым жоғары болады деп күтілуде.

Коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-шараларға байланысты биылғы жылы секциялардың сыйымдылығы азаятыны бұған дейін айтылған. Осыған орай, елшілік барлық азаматтарды 4-8 тамыз аралығында өткен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қошқарбаев даңғылы, 9 (№ 90 сайлау учаскесі) мекен-жайы бойынша мерзімінен бұрын дауыс беруге белсенді қатысуға шақырған.

Аталған мекен жай бойынша Беларусь азаматтары сайлау күні – 9 тамызда дауыс бере алады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанмен тауар айналымды бір миллиард долларға жеткізуге болады – Беларусь премьері

Қазірге дейін қанша адам дауыс бергені белгісіз. Елшілік қызметкерлері Sputnik Қазақстанға дауыс беру жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Сайлаушыларды сайлау учаскесінде қабылдау (шетелдік мекеме аумағына) сағат 8:00-ден бастап, жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталады.

Сайлау учаскесіне бару тәртібі

Сайлау учаскесіне барған кезде сайлаушылар:

- медициналық маскаларды қолдануы тиіс;

- жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет;

- электрондық құрылғыларды (телефон, диктофон, фото-видеокамера, ноутбук) қолдануға тыйым салынады.

54
Кілт сөздер:
сайлау, Беларусь
Тақырып бойынша
Беларусь президенті Қазақстан премьерінен кешірім сұрады
Қазақстанда сайлау туралы заңды өзгертуге қатысты референдум өткізу ұсынылды
Беларусь Ресеймен Қазақстаннан мұнай тасымалдау жайын сөйлеседі – Лукашенко
Беларусь тарапы ЕАЭО елдерінің премьерлеріне ұсыныс жасады
Мамин Минскіде Беларусь президентімен кездесті: не талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласында Абай бейнеленген мурал

Қазақстанда 10 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 10 тамыз бен 11 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

10 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Қазақстанда 10 тамыз Абай күні болып жарияланды.

15.00 – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Абай академиясы" сериясымен жарық көрген ұлы ақын туралы 12 кітаптың тұсаукесері өтеді.

14.00 – "Пандемия кезіндегі ТМД елдерінің киноиндустриясы" тақырыбында Мәскеу – Нұр-Сұлтан – Ереван – Кишинев арасында өтетін бейнекөпір. Мәскеуден қатысушылар: Ресейдің халық әртісі, режиссер Владимир Хотиненко; "ВГИК-дебют" продюсерлік орталығының бас директоры, режисер Федор Попов; Ресейдің халық әртісі, С.А.Герасимов атындағы ЖМКИ актерлік шеберхана жетекшісі және оқытушысы Александр Михайлов; режиссер, актер Александр Цой. Шара аясында олар кино саласының өкілдері кездесетін қиындықтар мен ТМД студенттерінің ЖМКИ-ге қабылдау ерекшеліктері туралы айтады. Сондай-ақ, биылғы курсқа шеберлердің қабылдауы қалай өткенін баяндап, басқа сұрақтарға да жауап береді. Брифинг Sputnik Қазақстан сайтында, сондай-ақ агенттіктің Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

19.00 – "Абай" операсы, "Астана Опера" театры (Трансляция TengriTV-де).

11 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Суретші Зарина Тайсенгірованың "Махаббат. Showing inside" жеке виртуалды көрмесі. Бағыты: романтизм, сюрреализм, абстракция, реализм, неореализм, портрет, графика. (Трансляция Алматы музейінің Instagram-дағы ресми парақшасында – @almatymuseum. Байланыс телефоны: +7 701 982 52 92).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар