Эскалатор

Қараусыз қалған сәби эскалаторға шығып кетті: оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді - видео

319
(Жаңартылды 12:15 23.01.2019)
Оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалған

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қытайдың Уси қаласындағы сауда орталықтарының бірінде тоғыз айлық сәби эскалатордан құлап кетті.

Оқиға сауда орталығындағы бақылау камерасына түсіп қалыпты. Видеода "ходунокпен" жүрген бөбек анасы тауар қарап жатқанда дүкеннен шығып, эскалаторға қарай беттейді, деп хабарлайды "Россия-24".

Бір уақытта сәби автоматты баспалдаққа қадам басып, құлап кеткен. Абырой болғанда, сол сәтте эскалатормен 22 жастағы жігіт шығып келе жатып, баланы ұстап үлгереді.

Тоғыз айлық сәби құласа, ауыр жарақат алуы мүмкін еді. Жергілікті құқық қорғау органдары бөбектің анасымен тәрбиелік жұмыс жүргізді.

319
Кілт сөздер:
видео, құтқару, биіктен құлау, сәби, эскалатор
Тақырып бойынша
Атырауда эскалатордан екі әйел мен бала құлап кетті
"Жын ұрған" эскалатор адамды өлтіре жаздады – видео
Римде футбол фанаттары бұзылған эскалаторға шайналып қала жаздады - видео
Эскалаторға қысылып қалған қыздың әжесі оқиғаның мән-жайын айтты
Дәрігерлер Астанада эскалаторға қысылып қалған 2 жасар қыздың жағдайы туралы айтты
Загрузка...