Қыздың көйлегі

Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт ел алдында ұятқа қалды - видео

3606
(Жаңартылды 11:37 29.01.2019)
Кавказ өңірінде қалыңдығын ұрламақ болған жігіттің абыройы айрандай төгілді

АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Владикавказда қалыңдығын дәстүрге сай ұрламақ болған жігіт қызды екі рет құлатып алды. Әлеуметтік желілерде таралып кеткен күлкілі видеоны НТВ арнасы Telegram-да жариялаған.

Видеода жігіт қыздың артынан келіп, басына қап кигізіп, көлікпен алып қашпақ болады. Алайда қалыңдығын әуелі баспалдақта, кейін көліктің жанында құлатып алады. Онымен қоймай өзі де бірге жығылған.

Кадрдан тыс оқиға куәгерлерінің "әттеген-ай" деген үні естіледі.

YouTube желісінде жұрт алаңғасар жігітті келемеждеп жатыр. "Байғұс қыздар-ай. Бұл цирк қашан бітеді, адамды мертіктіре жаздады", — дейді қызға жаны ашығандар. "Осыдан кейін қалған болса, қатты тұрмысқа шыққысы келген ғой. Екі рет құлатып, тіпті хал-жағдайын білген жоқ, әрі қарай сүйреп барады. Жігіттер, ұялсаңдаршы, қыз ұрлай білмейсіңдер, енді келіп видеоға түсіресіңдер", — деп мысқылдады біреулер.

3606
Кілт сөздер:
күйеу жігіт, қалыңдық, қыз алып қашу, видео
Тақырып бойынша
Ел естімеген оқиға: Қалыңдық үйлену тойында жігітін масқаралады
Күйеу де, ақша да жоқ. Қалыңдық тұрмысқа шығамын деп барынан айырылды
Қалыңдық үйлену тойы күні күйеу жігіттің қабіріне келді
Тойға шақырылған қонақтардан ақша талап еткен қалыңдық күйеусіз қалды
Қалыңдық берген өтінішті күйеу жігіт растауды ұмытып кетіп, екі жас некеге тұра алмады
Загрузка...