Архивтегі фото

"Сені ертең жейміз" Қытайлық медбикенің науқасқа жазған хаты жұртты шошытты

16588
Желі қолданушылары Қытай ауруханасындағы медбикенің хатын күлкіге айналдырды

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Қытайдағы клиникалардың бірінде медбикенің науқасқа қалдырған ескерту хаты Reddit порталының қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлады РИА Новости. 

Хат Қытай тілін түсінбейтін шетелдік науқасқа жазылыпты. Аурухана қызметкері тапқырлық жасауға мәжбүр болған: ол сурет арқылы кешкі оннан кейін ішіп-жеуге болмайтынын, себебі келесі күні 08.00-де операция жасалуы керек екенін түсіндірген. 

Дегенмен медбикенің не айтпақ болғаны жұрттың бәріне бірдей түсінікті болмай шықты.

"Біреу ас-сусыз қалып, белгілі бір уақыт ішінде бұл азаптың бәрінен құтылғысы келетінін айтқан секілді көрінеді", — деп жазды Reddit қолданушылары.

Қытайлық медбикенің шетелдік науқасқа жазған хаты
© Photo : WASPDOG / REDDIT
Қытайлық медбикенің шетелдік науқасқа жазған хаты

"Тамақ пен су таусылды, сондықтан біз сені ертең сегізде жейміз", — деп кекетті тағы бір пайдаланушы.

 


16588
Кілт сөздер:
хат, медбике, Қытай
Загрузка...