Шоколадные конфеты, иллюстративное фото

Салмағы 29 келі ғана болған қыз кәмпиттің арқасында адам танымастай өзгеріп кетті

1334
Қазір Эннидің салмағы – 45 келі, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданады

АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Англияда тұратын 21 жастағы Энни Уиндли арық болу үшін бес жыл бойы күніне бір мезгіл тамақтанып, ветчина мен нан ғана жеген. Ақыр соңында бойжеткеннің денсаулығы нашарлап, бес рет ауруханаға түседі.

Дене бітімінің сымбатты болып қалғанын қалаған Энни ет пен сүт өнімдерінен бас тартып, күніне бір мезгіл тамақтануға бел буған. Ветчина мен нан ғана жейтін қыздың салмағы небәрі 29 келі ғана болыпты. Алайда көп ұзамай қыздың денсаулығы нашарлап, психологиялық проблемалар басталады, деп хабарлайды life.ru.

Дәрігерлер, тіпті, жүрек талмасы болуы мүмкін екенін ескерткен, Энни көз алды бұлдырап, қарауытып, төсектен тұра алмай қалатын хәлге жетеді. Ата-анасымен, құрбы-құрдастарымен сөзге келіп, қарым-қатынасы бұзылады. Алайда Энни ап-арық болу үшін жақындарының сөзіне құлақ аспай, райынан қайтпайды.

Бірақ күндердің күнінде бәрі өзгерді: күні бойы шоколад жегісі келіп, әрең шыдаған Энни кешке таман кәмпит жейді. Таңертең ерте өлшеніп, артық салмақ қоспағанын аңғарады. Осыдан кейін қыздың тамақ алдындағы қорқынышы бірте-бірте азайып, бір-екі жылдан кейін дұрыс тамақтана бастаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Annie (@tinyrecovery)

Қазір бойжеткеннің салмағы – 45 келі, өзін жақсы сезінеді. Қалаған тамағын жеп, спортпен шұғылданады.

1334
Кілт сөздер:
арықтау, салмақ, қыз, шоколад
Тақырып бойынша
"Дәрігерлер аң-таң": Димашпен кездескен соң жаңазеландиялық әжейдің өмірі өзгерді
Ғалымдар аз ұйқының адам өміріне орасан зор қаупін дәлелдеді
Қазақстандық ғалымдар өте маңызды жаңалық ашты
Ғалымдар кез келген жаста ойлау қабілетін жетілдірудің әдісін тапты
Ғалымдар күндізгі ұйқының неге қауіпті екенін анықтады
Загрузка...