Жігіт

Жігіт өзін дүниеге әкелгені үшін ата-анасын сотқа бергелі жатыр

1121
(Жаңартылды 17:59 08.02.2019)
27 жастағы үнді жігітінің пікірінше, баланы өмірге әкелу кісі ұрлап, құлдыққа салумен бірдей

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. Үндістан тұрғыны өзінен рұқсат сұрамай өмірге әкелгені үшін ата-анасын сотқа бергелі жатыр, деп хабарлады Daily Mail.

Мумбаи қаласында тұратын Рафаэль Самуэль (Raphael Samuel) антинаталистер (бала тууға қарсы адамдар – Sputnik Қазақстан) қозғалысын жақтайтынын мәлімдеді. 27 жастағы жігіт пен оның жақтастары балалар бұл өмірде тек қана азап шегеді, сол себепті адамдардың көбеймегені жөн деп санайды. Самуэль баланы туып, оны тәрбиелеп өсіруді "кісі ұрлап, құлдыққа салумен" теңестіреді.

Осындай көзқарасына қарамастан ер адамның ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы екен. "Мен ата-анамды жақсы көремін, тату тәтті тұрамыз, бірақ олар мені өздері үшін дүниеге әкелді. Балалық шағым бақытты өткені рас, бірақ бар өмірімді неге оқу-білім мен мансапқа арнауға тиіспін? Мені дүниеге әкелсін дедім бе?", — дейді ол.

Самуэльдің Facebook желісінде жеке тобы бар, сол жерде жүздеген оқырмандарымен ой бөліседі. Ол ата-аналарды екіжүзді деп айыптайды. "Ата-ана балаға не қажеттігін білсе, несіне оларды өмірге әкелді?" немесе "Адамды мәжбүрлі түрде жарық дүниеге әкеліп, жұмысқа салу кісі ұрлап, құлдықта ұстаумен бірдей емес пе?" деген сияқты посттар жариялап отырады.

1121
Кілт сөздер:
бала туу, сот, ата-ана, жігіт, Үндістан
Тақырып бойынша
"Ұлын үйлендірмек болған" ата-ана жұрттың мал-мүлкін иемденіп кеткен
Баласы "Алла" атын аузына алып, намазға жығылса ата-ана неге қорқады?
Қазақстанда жыл сайын мың адам ата-ана құқығынан айырылады
Көкшетауда жерленген ұлының сүйегін ата-ана қайта қазып алуға мәжбүр болды
Еуроодақ туы

Батыс геосаяси ойындарға араласқысы келмейді

28
(Жаңартылды 13:32 28.09.2020)
Батыстың Беларусь президентінің жақында өткен инаугурациясына теріс реакция танытатыны алдын ала болжанғаны белгілі

Алдымен мемлекеттік департаменттің өкілі АҚШ-тың Александр Лукашенконы заңды түрде сайланған мемлекет басшысы ретінде санамайтынын айтты. Оны "сайлау нәтижесі заңсыз өтті" деген пікірімен түсіндірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұдан кейін Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелльдің ресми мәлімдемесі шықты. Онда Александр Лукашенконың жаңа мандаты "демократиялық заңдылыққа сәйкес келмейді" деп жазылған. Сондай-ақ өткен инаугурация республика халқының көп бөлігінің еркі мен бостандығына қайшы келгені, мұны ел ішінде болған көптеген наразылық пен қарсылықтан байқауға болатыны айтылған.

Боррельдің мәлімдемесі әрине, мысқылға сұранып тұр. Мәселен, АҚШ-тағы сайлау нәтижесінің қалай болатынына қарамастан, оның америкалықтардың басым бөлігінің еркі мен бостандығына қайшы келетінін алдын ала сеніммен айтуға болады. Бұл мемлекеттегі наразылық бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Демек, аталған құжаттың қазіргі өмір шындығына еш жанаспайтынын аңғаруға болады.

Ал Брюссельдің пайымынша, "Демократиялық заңдылық" ұғымының бірнеше тетігі бар. Сол тетіктер бойынша Александр Лукашенко – заңды президент.

Бүгінде Беларуське қарсы санкциялар заң жүзінде енгізілген жоқ. Бұл мәселе төңірегінде Еуроодақтың өз ішінде де түсініспеушіліктер туындап жатыр. Мәселен, Кипр Түркияға қарсы шектеуді қамтамасыз етуді талап етті. Осылайша, Беларуське қатысты санкциялық процестің жүруіне тосқауыл қойып отыр.

Батыс елшілері Беларусь елінен қайтарылған жоқ. Есесіне, америкалықтар көпжылғы салқындықтан кейін республикамен дипломатиялық ынтымақтастықты қайта қалпына келтіруге тырысып жатыр. Бірнеше күн бұрын АҚШ сенатының халықаралық істер жөніндегі комитеті Беларусьтегі жаңа елшінің кандидатурасын бекітті. Вашингтон 2008 жылы Беларусь компанияларына енгізген санкциялардан кейін екі ел өз елшілерін кері шақырып алған еді. Яғни, 12 жылдан бері қос мемлекеттің елшіліктерін тек сенім білдірілген өкілдер басқарып келген болатын.

Міне, осындай көріністерден-ақ Беларусь президентіне қатысты қатаң қарсылықтардың қазіргі өмір шындығын қабылдау мен оған ықпал етуде әлсіздік танытып отырғанын байқауға болады. Бұл ретте Батыс өз мүмкіндігінің шегін түсініп, қазіргі қалыптасқан жағдайды қабылдай бастағанын да айтқан жөн.

Беларусьте өткен сайлауға дәл осындай реакция танытуға Венесуэлладан алған ауыр сабақтың нәтижесі де әсер еткені анық. Елу мыңнан астам, оның ішінде Батыстың көптеген елінің Хуан Гуайдоны Венесуэлланың заңды президенті деп танығанына бір жарым жылдан астам уақыт өтті. Алайда, бұл шешім қазіргі жағдайға айтарлықтай әсер еткен жоқ. Себебі, Николас Мадуро әлі күнге дейін осы елдің басшысы болып отыр.

АҚШ пен Еуропа латынамерикадағы кішкентай елдің жағдайын осылай елемеуге тырысса, Еуропаның қақ ортасында жатқан мемлекетке қатысты мұндай айла-шарғыны қолдану қиынға соғары анық. Оның үстіне Беларусь Донбасс мәселесін ретке келтіру сынды маңызды халықаралық процестерге қатысатындықтан, бұл ел төңірегінде қабылданатын әрбір шешім мен оның нәтижесін алдын ала мұқият таразыдан өткізуге тура келеді.

Батыстың Минск бағытына қарсы қадам жасауға аса ынта-ниет танытпауының себебі, Беларусьтегі наразылық пен текетірестің басы-қасында Польша тұр. Варшава Беларусь оппозиционерлері көшбасшыларына да саяси тұрғыдан ықпал етіп отыр.

Польша Беларусьтің қазіргі билігіне қарсылығын ашық көрсеткенімен, бүгінгі жағдайды өзгертуге күші жетпейтіні анық. Оның үстіне Минск те кері соққы жаcап, есесін қайтаруға тырысып бағуда. Айталық, БАҚ-та Беларусь территориясына Польша тауарларын кіргізу мәселесінде қиындық туындап жатқаны жазылды.

Ендігі кезекте Польша Минскіге қарсы текетіресте Батыс Еуропа мен АҚШ-ты пайдалануға ниет танытқаны, Лукашенконы орнынан түсіру үшін солардың саяси артилерриясының тетігін іске қосқысы келетіні таңғаларлық жағдай емес. Алайда, Берлин, Париж, Брюссель немесе Вашингтон Польшаның "арманын" орындауға құлық танытпай отыр. Сондықтан өзі белгілеген жолмен жүргенді қалайды.

Негізінен Батыс Минскіде қалыптасқан жағдайды қабылдағанымен, оған бағытталған қарсылық шараларын тоқтатуға ниет танытып отырған жоқ. Cебебі, жеңіліс табатын геосаяси ойындарға қатысқысы келмейді. Соңғы жылдары олар онсыз да көп.

28
Кілт сөздер:
Еуропа, Беларусь
Украинадағы ұшақ апаты

Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді

1538
(Жаңартылды 11:00 28.09.2020)
Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған жалғыз курсант Вячеслав Золочевскийдің әкесі де авиация саласында жұмыс істейді, ол да үш рет ажалдан аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсанттың беті бері қарап келеді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Курсанттың әкесі де авиация саласында қызмет етеді. Айтуынша, ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы  

Әуе апаты Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласы маңында 25 қыркүйек күні кешке болды. Ан-26 әскери-көлік ұшағы оқу ұшуын орындаған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Украинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

1538
Кілт сөздер:
курсант, ұшақ апаты, Украина

Бостандықтың белгісі: бүркітшілер құсты қалай аңға салу керектігін көрсетті видео

0
Алматы облысында Төле би ауылының маңында жаңадан "Қыран" ұлттық аңшылық этномәдени орталығы ашылды. Ол жерде қолөнер, аң аулау және ат үстінде жүріп садақ ату секілді қазақ дәстүрін үйретеді. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

Этномәдени орталықты қазақстандық "Қыран" ұлттық аңшылық федерациясы ашты, ол 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталықта тәжірибелі жаттықтырушылар жыртқыш құстармен аң аулағысы келетіндерді баулиды.

Орталықтағы ең жас құсбегі Ерсұлтан Жұмағұлдың айтуынша, оның отбасында бүркітті аңға салу – атадан балаға берілетін мұра. Он төрт жастағы құсбегі он жасынан бері әке жолымен жүріп келеді.

Жас бүркітшінің айтуынша, құс иесінің айтқанын екі етпей орындауы үшін онымен көп уақыт өткізу керек.

Ал 20 жылдан бері құсбегілікпен айналысатын Руслан Абылов құстарды жаттықтыру және аң аулау кезінде аспанда басқа құстардың, әсіресе көгершіндердің болмауын алдын ала біліп алу қажет дейді.

Жаттығу жұмыстары бүркіттің басынан жемді айналдырып, құстың дауысын салумен басталады. Жыртқыш құс иесінің дауысына қарай қозғалып, жоғары көтеріледі. Содан кейін жіптің екінші жағына байланған жемтікті алады.

Мұндай әдіс күніне бірнеше рет жасалады, ал жаттығулар күн сайын өткізіледі. Жаттығу аяқталған соң бүркітші құсқа сый ретінде балғын ет береді.

Орталық жаттықтырушыларының айтуынша, туристер Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне қатты қызығады. Олар киіз үйде тұрып, ұлттық тағамдардың дәмін татып, жергілікті тұрғындардың бай мәдени мұрасымен танысуға құмар.

Толығырақ мына жерден оқуға болады.

0
Кілт сөздер:
бүркітші, видео