Қираған ғимарат пен құтқарушылар, архив сурет

"45 сағат жатқан": Стамбулда қираған үй астынан жасөспірім тірі табылды

331
(Жаңартылды 12:41 09.02.2019)
Стамбулда сәрсенбі күні сегіз қабатты үйдің күл-талқаны шықты

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Стамбулда сәрсенбі күні қираған сегіз қабатты үй астынан 16 жастағы бала құтқарылды, ол 45 сағат бойы үйінді астында жатқан, деп хабарлады РИА Новости Түркияның ІІМ басшысына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 18 сағат үйінді астында жатқан бес жасар қыз құтқарылған еді.

"Үй қирағаннан кейін 45 сағаттан соң құтқарушылар үйінді астынан 16 жастағы жасөспірімді алып шықты", - деп мәлімет берді министр. Баланың жағдайы туралы ештеңе айтылған жоқ.

Стамбул қаласының әкімшілігі хабарлағандай, Қартал ауданында ғимараттың құлауынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған. Құтқарушылар үйінді астын әлі тексеріп жатыр. Үйдің қирауына үстінен тағы үш қабаттың заңсыз салынуы себеп болған болуы мүмкін.

331
Кілт сөздер:
құтқару, төтенше жағдай, тұрғын үй, Түркия
Тақырып бойынша
Ресейде тұрғын үйде болған жарылыс: үйінді астынан 11 айлық бала тірі табылды
Ресейде үйінді астында қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті
Стамбулда алты қабатты үй қирады: тұрғындар үйінді астында қалған - видео
Загрузка...