АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Үйлену тойының қонақтары Нью-Делидегі бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде ойран салды.
Желіде төбелестің видеожазбасы жарияланды. Видеода адамдар даяшыларға шабуылдап, оларды ұрып-соғып жатқаны көрінеді.
Әйелдер айқайға басып, бүлік салған мастарды тоқтатуға тырысады, алайды олардың мұнысынан түк шықпаған, деп жазды Sputnik Өзбекстан.
Тағы оқыңыз: Әлеуметтік желіде той қонағының ерсі қылығы талқыланып жатыр
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, адамдардың озбырлық әрекетіне некеге отыру салтанатын жүргізушінің тамақтың суып қалғанына шағымдануы себеп болған.
Салдарынан қонақтар ыдыс-аяқты сындырып, даяшылармен төбелесті.