Әлем

Жазықсыз 39 жыл түрмеде отырған қария ақталып шықты

© AP Photo / Ben Fox, FileТүрме, архивтегі фото
Түрме, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
 Крейг Коули 1978 жылы әйел мен оның төрт жасар ұлын өлтіргені үшін сотталған

АCТАНА, 25 ақпан – Sputnik. 39 жыл бойы жазықсыз түрмеде отырған америкалық өтемақы ретінде 21 миллион доллар алады. Бұл туралы Сими-Уэлли (Калифорния) қаласының сайтында жазылды. 

Зорлау - Sputnik Қазақстан
Әлем
70 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотталғандар өмірден озғаннан кейін ақталды
Крейг Коули 1978 жылы әйел мен оның төрт жасар ұлын өлтіргені үшін сотталған. Іс қайта қарала бастағаннан кейін полиция жаңа ДНҚ үлгілерін тапқан, оны зерттеу барысында сотталушының қылмысқа қатысы жоқ екені дәлелденді, деп жазды echo.msk.ru.

"Мистер Каулидің басынан өткен оқиғаны ешқандай өтемақы өтей алмасы анық, соған қарамастан бұл істі реттеу тұтас қоғам үшін дұрыс әрекет болмақ", - деп жазылған хабарламада.

Ер адам 2017 жылдың қарашасында 70 жасында бостандыққа шыққан. Билік зардап шегушіге 4,9 миллион доллар төлейді, қалған сома түрлі көздерден, соның ішінде сақтандыру компаниясынан алынады.

2018 жылы Калифорнияның құрбандарға өтемақы төлеу кеңесі Коулиге екі миллион доллар бөлді, бұл – ұйым құрылғалы бері зардап шегушілерге берілген ең қомақты өтемақы.

Жаңалықтар
0