Женщина за рабочим столом

Әлемдегі ең бай әйел анықталды

427
(Жаңартылды 13:48 05.03.2019)
Безостың жиған-тергені 131 миллиард долларға, Бетанкур-Майерстың дәулеті 49 миллиард долларға бағаланды

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Джефф Безос әлемдегі ең бай еркек, ал Франсуаза Беттанкур-Майерс әлемдегі ең бай әйел атанды.

Бай-бағландардың дәулеті туралы жазатын Forbes журналының дерегінше, Франсуаза Беттанкур-Майерстің дәулеті 49 миллиард долларға бағаланып отыр. Ол косметика шығаратын L`Oreal компаниясының 1997 жылдан бері басқарма мүшесі саналады.

"Майерс пен оның туыстары L`Oreal-дің 33% акциясына иелік етеді", - деп жазды басылым.

Франсуаза Беттанкур-Майер – шаш бояуын ойлап тауып, аталған компанияның негізін қалаған Эжен Шуллердің қызы Лилиан Бетанкурдың жалғыз қызы.

2018 жылы Бетанкур-Майерстың дәулеті 7,1 миллиард долларға артып, 49 миллиард долларға жеткен. Оның анасы Лилиан Бетанкур 1987 жылдан бері 2001 жылға дейін 14 жыл қатарынан Forbes рейтингісінде әлемдегі ең бай әйел атағын ешкімге бермей келген. Тіпті ол өзі дүниеден өткен 2017 жылы да әлемдегі ең бай әйелдер тізімінде көш бастаған.

Сондай-ақ Forbes журналы әлемдегі ең бай ер адам Джефф Безос екенін хабарлады.

Amazon компаниясының негізін қалаушының дәулеті 131 миллиард долларға бағаланды. Осыған дейін оның 112 миллиард доллары болған, бір жылдың ішінде 19 миллиар доллар пайда тауыпты.

Алайда Джефф Безос әлемнің ең бай адамы тізімінен шығып қалуы мүмкін. Себебі, осы жылдың басында Amazon компаниясының басшысы әйелі Маккензи Безоспен ажырасатынын мәлімдеген. Ерлі-зайыптылардың ажырасу процесі Вашингтон қаласында өтеді. Жергілікті заңға сәйкес, егер олардың арасында неке шарты жасалмаса, ерлі-зайыптылардың мүлкі тең дәрежеде екіге бөлінуі мүмкін.

Егер Джефф Безостың әйелі отбасының дәулетінің жартысына иелік етсе, ол әлемдегі ең бай әйелдердің тізімінде көш бастауы мүмкін, дейді Forbes.

2018 жылы наурызда Безос Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтсті (дәулеті 90 миллиар доллар) басып озып, рейтингте көш бастаған.

Айта кетейік, өткен жылы әлемдегі ең бай әйел Элис Уолтон болған. Аталған басылым оның дәулетін 46 миллиард долларға бағалаған.

Элис – Walmart гипермаркет желісінің негізін қалаушы Сэм Мур Уолтонның қызы.

427
Кілт сөздер:
мұрагер, байлық
Тақырып бойынша
Бай әйел ұлдарына қыруар ақша, қыздарына ыдыс-аяқ мұраға қалдырған
Қытайдың ең бай адамы Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетті – видео
Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатып жатыр
Бай әрі сұлу: Голливудтың ең үздік актрисалары қанша табыс табады?
Әлемдегі ең бай адам қашан зейнетке шығады
"Бай болғыңыз келсе..." Жаңа жылды қандай түсті киіммен қарсы алған жөн?
Загрузка...