Бала

Мерзімінен бұрын босанған әйел дәрігерлерге қомақты ақша қарыз болып қалды

654
(Жаңартылды 14:27 12.03.2019)
Саяхатшылар бұл жүктілікті алдын ала жоспарламағандықтан медициналық сақтандыру қамтымаған

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны жүктілігінің 24-ші аптасында босанып қалып, медициналық жәрдем үшін 140 мың фунт (70 миллион теңгеден астам) қарыз болды. The Mirror басылымының жазуынша, сәби жансақтау бөлімінде жатыр.

30 жастағы Хлоя Уилкинсон (Chloe Wilkinson) мен 27 жастағы Патрик Уолш-Кавана (Patraic Walsh-Kavanagh) 2017 жылы желтоқсанда Азия мен Австралияға ұзақ мерзімді саяхатқа аттанады. Бірнеше елді аралап, бір жылдай Австралияда жұмыс істеген. 2018 жылдың қарашасында әйел аяғының ауыр екенін біледі. Ақпан айының соңында болашақ ата-ана сүйінші хабарды туыстарына өздері жеткізу үшін, туған елге сапарға шығады.

Өкінішке орай, Сингапурде екі күн тоқтаған кезде инфекция салдарынан Уилкинсонның толғағы басталған екен. Дәрігерлер антибиотик және тағы басқа дәрі-дәрмек беріп тоқтатуға тырысқанымен, салмағы небәрі 860 грамм, алты айлық сәби өмірге келеді. Шала туған балаға Лоркан (Lorcan) деген ат қойыпты. Дәрігерлер нәрестені бірден жансақтау бөліміне әкетіп, ата-анасына кемінде үш ай емделетінін айтқан.

Жоспардан тыс жүктілік британдықтардың сақтандыруында көрсетілмегендіктен, медициналық жәрдем үшін қомақты қаражат төлеуге міндеттеліп отыр. Емдеу барысында сәбидің дерті асқынып кетсе, сома бұдан да көбеюі мүмкін.

Жезқазғанда жас босанған әйел мен сәбиі көз жұмды

"Лоркан өмірі үшін күресіп жатыр, біз оны мақтан тұтамыз. Отбасымыз бен достарымыздан жырақтамыз, ата-ана болу оңай емес екен. Дәрменсіз күйдеміз", - дейді жас босанған ана.

Жас ата-ана аурухананың жалдамалы бөлмесінде тұрып жатыр. Олар дәрігерлердің қарызын қайтару үшін, краудфандинг алаңқайы арқылы халықтан ақша жинап жатыр.

Қостанайда үйде босанған әйел қайғылы жайтқа тап болды

654
Кілт сөздер:
шала туған нәресте, қарыз, босану, жүктілік
Тақырып бойынша
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйді: африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр
Әпкесінің дауысын алғаш естіген сәби жұрттың жүрегін елжіретті — видео
Ақмолалық дәрігерлер 7 баланың анасын өлім аузынан алып қалды
"Жағымсыз әсер қалдырды" Ер адамның әйелімен бірге босануға кіргені дұрыс па?
Қатты ауырып, комаға түскен әйел оянған кезде ана атанғанын білді
"Батареяның қасында тұрып босандым": Астана тұрғыны перзентхана дәрігерлеріне шағымданды
Загрузка...