Смузи

Әлемдегі ең жас миллиардер әйел сымбатты мүсінінің сырымен бөлісті

1101
Кайли Дженнер босанғаннан кейін қалай арықтағанын айтып, құпиясымен бөлісті

АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. "Кардашьяндар отбасы" реалити-шоуының қатысушысы, кәсіпкер Кайли Дженнер босанғаннан кейін қалай арықтағаны туралы айтты, деп хабарлайды Daily Mail.

Instagram желісінде тікелей эфирге шыққан 21 жастағы Дженнердің айтуынша, қызы Стормиді дүниеге әкелген соң мінсіз дене бітіміне нұқсан келіп, сымбатын ұзақ уақыт қалпына келтіре алмай жүреді. Бірақ дұрыс тамақтанып, диета ұстағанның арқасында сұлу мүсінін қайтарып алыпты.

"Әдетте тамақты көп жеймін. Және талғамаймын. Пицца, паста, сүт өнімдеріне құмармын. Осы тағам түрлерін жеуді тоқтатып, дұрыс тамақтана бастап едім, бәрі қалпына келді. Мен үшін тиімді әдіс осы болды, - дейді ол. – Негізінде табиғатымнан сымбаттымын. Бірақ Кендалға жетпеймін, ол нағыз модель".

5 наурызда Forbes басылымы хабарлағандай, Кайли Дженнер әлемдегі ең жас миллиардер әйел атанды, ол орасан зор байлыққа өз күшімен жеткен. Жас кәсіпкер Facebook желісінің негізін қалаушы, алғашқы миллиардын 23 жасында тапқан Марк Цукербергтен де асып түсті.

1101
Кілт сөздер:
диета, арықтау
Загрузка...