Әлем

Қару асынған қаскүнем мешітте намаз оқып жатқан адамдарды қырып салды

© REUTERS / STRINGER Жаңа Зеландияда мешітке шабуыл жасалды
 Жаңа Зеландияда мешітке шабуыл жасалды   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция Жаңа Зеландияның мешіттерінде оқ жаудырған адамның ұсталғанын хабарлады

АЛМАТЫ, 15 наурыз — Sputnik. Жаңа Зеландияның екі қаласындағы мешіттерде белгісіз біреулер оқ жаудырып, отызға тарта адам көз жұмды.

Мешіт, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды
Қазіргі таңда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары 27 адамның көз жұмғанын хабарлады. Жарақат алғандардың саны анықталып жатыр, деп хабарлады РИА Новости.

Қанды қырғынға куә болған адамдардың айтуынша, шлем, көзілдірік және әскери күрте киген адам Линвуд қала маңындағы үш жүзден астам адам құлшылық жасап жатқан мешітке кіріп келіп, алдын ала болжам бойынша, автоматтан оқ жаудырған. Сонымен бірге куәгерлер қаскүнем оқиға орнында онлайн-трансляция жүргізгенін атап өтті.

New Zealand Herald газетінің хабарлауынша, оқ атқан Австралия азаматы көрінеді.

Полицияның мәліметінше, шабуылды ұйымдастырды және қатысты деген күдікпен бір адам ұсталған.

© REUTERS / STRINGERMembers of a family react outside the mosque following a shooting at the Al Noor mosque in Christchurch, New Zealand, March 15, 2019. REUTERS/SNPA/Martin Hunter ATTENTION EDITORS - NO RESALES. NO ARCHIVES
 Жаңа Зеландия мешіттеріндегі қанды қырғыннан зардап шеккендердің туыстары  - Sputnik Қазақстан
1/3
Жаңа Зеландия мешіттеріндегі қанды қырғыннан зардап шеккендердің туыстары
© REUTERS / STRINGERСотрудники спецслужб на месте стрельбы возле мечетей в Новой Зеландии AOS (Armed Offenders Squad) push back members of the public following a shooting at the Masjid Al Noor mosque in Christchurch, New Zealand,, March 15, 2019. REUTERS/SNPA/Martin Hunter ATTENTION EDITORS - NO RESALES. NO ARCHIVES
 Жаңа Зеландияда мешіттерге шабуыл жасалды - Sputnik Қазақстан
2/3
Жаңа Зеландияда мешіттерге шабуыл жасалды
© REUTERS / STRINGERBloodied bandages on the road following a shooting at the Al Noor mosque in Christchurch, New Zealand, March 15, 2019. REUTERS/SNPA/Martin Hunter ATTENTION EDITORS - NO RESALES. NO ARCHIVES
 Әл-Нұр мешітіндегі атыстан кейін қанға малынған дәке , Жаңа Зеландия - Sputnik Қазақстан
3/3
Әл-Нұр мешітіндегі атыстан кейін қанға малынған дәке , Жаңа Зеландия
1/3
Жаңа Зеландия мешіттеріндегі қанды қырғыннан зардап шеккендердің туыстары
2/3
Жаңа Зеландияда мешіттерге шабуыл жасалды
3/3
Әл-Нұр мешітіндегі атыстан кейін қанға малынған дәке , Жаңа Зеландия

Жаңазеландиялық телеарналар тағы бір мешіт пен ауруханада атыс болғанын хабарлады, дегенмен әзірге оқиғаға қатысты толық мәлімет жоқ.

Жаңа Зеландия премьер-министрі Джасинда Ардерн терактіні ел тарихындағы ең қаралы күндердің бірі деп атады.  

Жаңалықтар
0