Әлем

Мешіттегі қанды қырғын: ұсталған үш күдіктінің терактіге қатысы болмай шықты

© AP Photo / Mark BakerЖаңа Зеландиядағы теракт
Жаңа Зеландиядағы теракт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа Зеландияда 15 наурызда бір топ адам екі мешітке баса көктеп кіріп, намазға жиналған жұртқа оқ жаудырған

АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Құқық қорғау органдары Жаңа Зеландияда теракт ұйымдастырды деп ұсталған үш адамның мешіттегі қанды қырғынға қатысы жоқ деп санайды. Бұл туралы елдің полиция басшысы Майк Буш баспасөз мәслихаты кезінде хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Жаңа Зеландиядағы теракт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды

Терактіден кейін полиция төрт адамды ұстаған: үш ер азамат және бір әйел. Олардың арасында 28 жастағы Австралия азаматы Брентон Таррантқа кісі өлтіргені үшін айып тағылды. Ол 5 сәуірге дейін қамауға алынған.

Буштың сөзіне сүйенсек, полиция тағы бір ер мен әйелді ұстапты, себебі олардың көлігінен оқ ататын қару табылған. Әйелді босатты, ал ер адамға "оқ ататын қаруға қатысты" құқық бұзушы әрекеттер жасағаны үшін айып тағылды. Үшінші ұсталған адам нәсілдік кемсітушілікке арандатты деген айыппен дүйсенбі күні сот алдына келеді.

"Бұл адамдардың қарулы шабуылдарға қатысы жоқ деп санаймыз", - деп мәлімдеді Буш.

Жаңа Зеландия полициясының басшысы хабарлағандай, теракт болған жерде тағы бір қаза тапқан кісінің денесі табылды. Сонымен, барлығы 50 адам лаңкестіктің құрбаны болған. Ал зардап шеккендер саны – 50, олардың 36-сы ауруханада жатыр: 11 зардап шегуші ауыр халде.

Жаңа Зеландиядағы теракт: лаңкес оқиға кезінде әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген

Еске сала кетсек, жұма күні Крайстчерчтің екі мешітінде атыс болды. Жаңа Зеландия премьер-министрі оқиғаны теракт деп атады.

Жаңалықтар
0