Кітаптар

Оқушылар өз қалтаcынан президенттің кітаптарын сатып алуға міндеттелді

644
(Жаңартылды 16:11 30.03.2019)
Түрікменстанда оқушылар Гурбангулы Бердімұхамедовтың кітаптарын сатып алуға мәжбүр

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Ашхабадтық оқушылар өз қаражаттарына президент еңбектерін сатып алып, оқу мекемесіне тапсыруы тиіс, деп хабарлайды «Радио Азатлык».

"Өткен аптада көктемгі демалысқа шыққан 10,11-сынып оқушылары қайта мектепке шақыртылды. Олардың әрқайсысы президент Бердімұхамедовтың бір кітабын сатып алуға міндеттеліп отыр. Мұғалімдер әр оқушының қандай кітап сатып алу керек екенін белгілеп, арнайы тізім жасады" , делінген хабарламада.

Кейін ол кітаптарды оқушылар мектепке табыстайды. Ол туындалардың бәрі Түрікменстан президенті кітаптарының көрмесіне қойылмақ. Ашхабадтағы әрбір оқу орны осындай көрме ұйымдастыруы тиіс.  Әр кітаптың құны шамамен 400 түрікмен манаты ( 120 долларға жуық).

"Жұма және сенбі күндері ата-аналар мектеп басшылығына барды. 400 манат олардың жалақыларының тең жартысына тең. Егер ата-аналар президент кітабын сатып алса, отбасы бір ай бойы керегін ала алмайды", делінген хабарламада.

Бердімұхамедов Түрікменстанға 2006 жылдан бері басшылық етеді. Ол 12 жыл ішінде 54 кітап жарыққа шығарған. Бұрынғы президент Сапармұрад Ниязов кезінде мектептер мен мемлекеттік мекемелерде оның басты туындысына арналған «Киелі рухнама» атты бөлмелер болған.

Ал билік басына Гурбангулы Бердімұхамедов келген соң, ол бөлмеге жаңа президенттің кітаптары да қойыла бастады. Біртіндеп бұрынғы мемлекет басшысының еңбектері білім беру және мемлекеттік мекемелердің бөлмелерінен мүлдем алынып тасталған.

644
Кілт сөздер:
оқушылар, Түрікменстан, президент, кітап
Тақырып бойынша
Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады
Загрузка...