Әлем

Британдық боксшы қарсыласының ішінен тістегені үшін рингтен қуылды – видео

© Photo : Kokeshi75Боксшының қолғабы
Боксшының қолғабы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекпе-жек Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Ауыр салмақта жұдырықтасатын британдық Каш Әли қарсыласы Дэвид Прайсты тістегені үшін рингтен шеттетілді. Видео World Boxing Wall-дың Twitter парақшасында жарияланған.

​Жекпе-жектің бесінші раундында 27 жастағы Әли қарсыласын құлатып, тістеген. Төреші жекпе-жекті тоқтатқанда, Прайс өзінің денесіндегі тіс іздерін көрсетті.

Бірде-бір рет жеңілмеген Каш Әли рингтен шеттетіліп, жеңіс қарсыласына жазылды. Бұған дейін британдық боксшы 15 жекпе-жекте де жеңісті қолдан бермеген.

Ал қарсыласы Дэвид Прайс 24 жекпе-жек өткізген. 

Жаңалықтар
0