Архивтегі фото

Ең бай бизнесмендердің бірі ұшақ апатынан көз жұмды

1314
(Жаңартылды 10:49 01.04.2019)
S7 Airlines акционері Наталия Филева 55 жасында қайтыс болды  

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Ресейлік S7 компаниясы қожайындарының бірі және директорлар кеңесінің басшысы Наталья Филева мен оның әкесі Германияда ұшақ апатынан қаза тапты. Ұшақтың құлауынан "Глобус" әуе компаниясының ұшқышы да көз жұмған.   

Бұл туралы РИА Новостиге компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"2019 жылдың 31 наурызында "Эгельсбах" әуежайында (Франкфурт-на-Майне) Epic-LT жеке ұшағымен қону кезінде S7 Airlines акционері Филева Наталия Валерьевна 55 жасында көз жұмды. Трагедияның мән-жайы әзірге белгісіз", - деп атап өтті компания.

Ұшақ апатын тергеумен ресейлік мамандардың қатысуымен халықаралық комиссия айналысады. Неміс ұшу қауіпсіздігі қызметі апатқа бақылаудан айырылу немесе техникалық ақаулық себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.   

"Ұшқыш бақылаудан айырылып қалған немесе техникалық ақаулық болуы мүмкін. Әзірге нақты ештеңе айтуға болмайды", - деп мәлімдеді ведомство.

Наталья Филева S7 тобының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Өткен жылы ол Forbes нұсқасы бойынша бай ресейлік бизнесмендердің рейтингіне кірді. Оның дәулеті 600 миллион долларға бағаланды.

1314
Кілт сөздер:
Ресей, Германия, бизнесмен, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
"Құл-Мұхаммед пен Тұрлыханов та құлап еді" - Қазақстанда болған тікұшақтар апаты
157 адам мінген ұшақ апаты: бір жолаушының аман қалғаны белгілі болды
Әуе апатына ұшыраған танымал футболшы өлер алдында хат жазып қалдырған
Эфиопиядағы ұшақ апаты: ерлі-зайыпты өлер алдында видео жариялаған
Ми-8 апаты: қаза тапқан әскеридің бірі туыстарына хабарлама жіберген
Загрузка...