Зорлық-зомбылық

Белгілі актриса көрерменді шапалақпен тартып жіберді

2029
Оқиға Ресейдің Петербург қаласындағы қойылым кезінде болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Спектакль тамашалауға барған көрерменнің бірі өзін актриса Катрин Ненашева шапалақпен тартып жібергенін айтты, деп хабарлайды "Собака.Ru".

Зардап шегушінің айтуынша, оқиға зорлық мәселесіне арналған иммерсивтік спектакль кезінде болған. Қойылым барысында актерлер көрерменмен байланыс орнатуға көңіл бөлген. Осы кезде актриса жас қыздың бетінен шапалақпен салып жіберді. Ол мұны қойылымның ерекше болғанымен түсіндіріп отыр.

"Қойылымның көрермендермен байланыс орнатып, арадағы шекараны бұзатын иммерсивті спектакль екенін жарияладық. Бұл оқиғадан соң  "Груз 300" қойылымына келетін көрермендермен арнайы келісімшартқа қол қоятын боламыз. Қойылым кезінде тағы бір көрерменге шапалақ тиді. Алайда ол еш жерге шағымданған жоқ. Өйткені қайда келгенін жақсы білді", - деді Ненашева.

Шоу ұйымдастырушылары екі қыздан да кешірім сұрады. Оларға билет ақшасы мен ем алуға жұмсалған қаражатты қайтаруды ұсынған.

2029
Кілт сөздер:
көрермен, ұрып-соғу, қойылым, актриса
Тақырып бойынша
Алматыда актриса қаза тапқан жол апаты: полиция мәлімдеме жасады
Ұлды болуды армандаған ер адам үш айлық қызын аяусыз ұрып-соқты
Атырауда мас әке жасөспірім қызын гитарамен ұрып-соқты
"Аюға намаз үйреткен таяқ": тәрбиеші әріп білмеген бүлдіршінді ұрып-соқты – видео
Тойда асаба төбелес шығарды: қонақтар даяшыларды аяусыз ұрып-соқты – видео
аурухана

Ауруханада жатқан ресейлік әнші қайтыс болды

1616
Халық арасында кеңінен танымал "Ягода-Малина" әнінің авторы Валентина Легкоступова бірнеше күн комада жатты

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз  – Sputnik. Бірнеше күннен бері ауруханада комада жатқан ресейлік әнші Валентина Легкоступова қайтыс болды.

"Бүгін сағат 15:30-да үлгілі қыз, әлемдегі ең керемет ана және әже бола білген адамнан айырылып қалдық...", - деп жазды Анетта Бриль Instagram-да.

© Sputnik / Антон Денисов
Валентина Легкоступова

Айта кетсек, 11 тамызда Валентина Легкоступова өз пәтерінен басы жарылған күйде табылды. Ол ауруханаға жеткізілді, әнші бірнеше күн бойы комада жатты. Кейбір деректерге сүйенсек, оның күйеуі Юрий Фирсов Валентинамен пәтерде бірге болған, бірақ кейін қашып кетіпті. Әншінің денесінде көгерген іздер болған.

Валентина Легкоступованың өмірбаяны

Валентина Легкоступова 1965 жылы Хабаровскіде туған. 1985 жылы Чайковский атындағы Симферополь музыкалық училищесін скрипка класы бойынша бітірген.

1985-1990 жылдары Мәскеуде Гнесин атындағы мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтында профессор Иосиф Кобзонның эстрадалық вокал бөлімшесінде оқиды.

Легкоступова 1985 жылы сахнаға аяқ басып, Сеня Сон жетекшілік еткен топтың құрамында өнер көрсете бастайды.

1987 жылы ең танымал "Ягода-малина" әнін жазады.

2014 жылы Легкоступова Испаниядағы Тенерифе аралына көшіп кетеді. 2018 жылы Феодосия қаласына оралып, қалалық мәдениет бөліміне басшылық еткен.

1616
Кілт сөздер:
әнші
Александр Лукашенко

Беларусьтегі президент сайлауының соңғы қорытындысы жарияланды

188
Александр Лукашенко 80,1% дауыс жинап, Беларусь президенті болып қайта сайланды. Алайда елде наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды

АЛМАТЫ,14 тамыз – Sputnik. Беларусь елінің қазіргі президенті Александр Лукашенкоға республика халқының 80,1%-і дауыс берді, ал Светлана Тихановская 10,12% дауыс жинады, деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша, Лукашенко алтыншы рет мемлекет басшысы болып қайта сайланды.  

Президент сайлауы 9 тамызда өтті.

Светлана Тихановская орталық сайлау комиссиясына шағымданып, нәтижелерді мойындамайтынын айтты. Себебі біріккен штабтың жекелеген учаскелердегі дауыс беру нәтижелері туралы мәліметтер дауыс берушілердің жартысынан көбі Тихановскаяға дауыс бергенін көрсетті.

Оқи отырыңыз: Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды – видео

Беларусь еліндегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай наразылық басталды. Наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды, оларды қауіпсіздік күштері басып жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде алты мыңға жуық адам ұсталды. Республиканың ІІМ жүздеген адамның зардап шеккенін, оның ішінде 103 құқық қорғау органдарының қызметкері бар екенін хабарлады.

188
Кілт сөздер:
президент сайлауы, Беларусь
Тақырып бойынша
Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды
Беларусь президенті Қазақстан премьерінен кешірім сұрады
Қазақстан ЕАЭО-да тауарларды еркін алып өту мәселесін шешуге шақырды  
Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады
Мамин Минскіде Беларусь президентімен кездесті: не талқыланды
дәмхана

Бекшин Алматыда карантин қалай жеңілдетілетінін айтты

240
Он жетінші тамыздан бастап республика бойынша карантин жеңілдетіледі, дегенмен демалыс күндері қатаң шаралар сақталады

АЛМАТЫ, 15 тамыз –Sputnik. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режиміндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, жұмыс күндері қаладағы қоғамдық тамақтану орындары таңғы сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал демалыс және мейрам күндері сағат 10.00-23.00 арасында ашық болады.

"Көптеген қоғамдық тамақтану орындары көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан. Жеке орналасқан тамақтану орындарының халыққа ешқандай зияны тимесе, жұмыс уақытын бір сағатқа көтеруге мүмкіндік бар. Осыны қарастырып, бір шешімге келеміз", - деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитары кәсіпорындардың жұмысы тоқтамауы қажет екенін, соған сәйкес санитарлық нормалар қабылданғанын айтты.

"Қоғамдық тамақтану нысандарының күндіз келушілерді қабылдау ережесі бар. Олар толымдылығы 50%-ке дейін қабылдай алады. Үстелдердің арасында екі метр арақашықтық болуы керек, ал енді орындықтар арасы 60 сантиметрден кем болмауы керек. Тамақтану орындарының қызметкерлері бетперде мен қолғап киіп жүруі керек. Сондай-ақ, қоғамдық экрандар қойылады", - деді Алматының бас санитар дәрігері.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауда және ойын-сауық орталықтары, аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, таза ауада орналасқан аттракциондар аудиттен өтетінін хабарлады.

"Басқарма аудандармен бірге аудитті жылдам түрде өткізуге дайын. Қазір республиканың бас санитар дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. Демалыс күндеріне қарамай жұмыс жүргізіледі. Жандарбек Бекшиннің қаулысына қосымша ереже енгізіліп жатыр. Ең алдымен, жұмыскерлерді тестілеу. Кәсіпкерлер қызметкерлерін тестілеуден өткізу үшін infokazakhstan.kz сайтына тіркеліп, қаладағы 12 лабораторияда тестілеуден өткізуге өтініш бере алады",- деді Оразалин.

Айтуынша, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында кәсіпкерлік нысандарға, кәсіпкерлік компанияларға видеобақылау орнату пилоттық жобасы қабылданып жатыр.

"Жұмыскерлер мен келушілер бойынша медициналық бетпердені қалай таққаны, арақашықтықты қалай сақтап жатқанын бақылау үшін видеобақылау орнату қабылданып жатыр", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия карантинді жеңілдетуге байланысты жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті:

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар (бір келушіге төрт шаршы метр). 
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4ш.м.); 
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды); 
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (5 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондарар ақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді.
240
Кілт сөздер:
карантин