Жас жұбайлар

Той үстінде күйеу жігіт қалыңдығын батпаққа батырып, қасына жатты видео

2143
Жас жұбайлар бал айын да ерекше өткізуді армандап, халықтан ақша жинап беруді сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатындағы Пунта-Горда қаласында жас жұбайлар үйлену тойын көліктер жарысын өткізуге арналған батпақ жолда өткізді, деп жазады Fox News.

Джереми мен Ариэль Биддл көпшілікке реднектер деген атпен белгілі америкалық фермерлердің дәстүріне сай өткізуді жөн көрген екен. Реднектер – өздерін еркін ұстайтын, ешқандай әдеп нормаларын сақтамайтын халық. Күйеу жігіт тойға джинсы комбинизон киіпті, ал қалыңдық ақ бикини киіп, басына фата таққан.

Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін үш минуттан соң ажырасты

Некелесу рәсімі пикаптың үстінде өтіп, жас жұбайлар бір-біріне серт берді. Содан соң Джереми Ариэльді көтеріп алып, жолға апарды да, батпаққа батырып, өзі де қасына жатты. Үйлену тойына жиналған қонақтар болса қыран-топан күліп жатыр.

Жас отау иелері мұнымен қоймай, бал айын да реднектер дәстүрімен өткізуді қалап, халықтан ақша жинап беруді сұрады. Олар Колорадоға барып Сеңгір тауларды жол талғамайтын көлікпен араламақ.
2143
Тақырып бойынша
Баян Алагөзованың қызының тойы қалай өтті – фото, видео
Жылына 27 млн теңге тапсын: Болашақ жарына талап қойған жігіт күлкіге қалды
Той үстінде күйеу жігіт қалыңдықтың бетінен салып жіберді – видео
Төртінші рет әйел алған танымал актер төрт күннен соң келіншегін тастап кетті
Загрузка...